ГАЗИЗОВ ЕРІК ҚАЙРҒАЗЫҰЛЫ Өзін-өзі ұсыну тәртібімен Іле аудандық мӘслихатының депутаттығына кандидат №14 бірмандаттық аумақтық сайлау округі

ҚАДІРЛІ АҚСАЙЛЫҚТАР!
Ауылдың тіршілігі таң атқаннан басталады. Бірі жұмысқа асығады, енді бірі баласын мектепке шығарып салады. Үлкендер үй шаруасымен айналысады, жастар болашағына жоспар құрады. Осындай күнделікті тіршіліктің еш кедергісіз жалғасуы үшін ең алдымен қалыпты жағдай қажет.
Үйде жарық жанып, көшеде қауіпсіздік сақталып, жол қатынасы қолайлы болса, тұрғынның да ертеңгі күнге сенімі артады. Ал осы қарапайым қажеттіліктердің біреуі дұрыс жұмыс істемесе, оның қиындығын әр отбасы сезінеді.
Мен еңбек жолымда мұндай жауапкершіліктің мәнін жақсы түсіндім. Электр және байланыс саласындағы жұмыс ұқыптылықты, тәртіпті, қауіпсіздік талаптарын сақтауды және туындаған ақауды уақытылы анықтауды талап етеді. Ең бастысы – мәселені сөзбен емес, нақты әрекетпен шешу.
Мен, Газизов Ерік Қайрғазыұлы, 1969 жылғы 26 тамызда қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ауданында дүниеге келдім. Қазақстан Республикасының азаматымын. Білімім – жоғары. Қазіргі уақытта «Қазақтелеком» акционерлік қоғамында электромонтер болып еңбек етемін.
Қарапайым еңбек адамы ретінде тұрғындардың күнделікті мәселесін түсінемін. Сондықтан Іле аудандық мәслихатының депутаттығына өз кандидатурамды ұсынып, Ақсай ауылының дамуына, халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға және елді мекендегі өзекті мәселелердің шешілуіне үлес қосуды мақсат етемін.
ЖАРЫҚ ПЕН БАЙЛАНЫС – ЗАМАНАУИ АУЫЛДЫҢ НЕГІЗІ
Бүгінде электр қуаты мен тұрақты байланыссыз қалыпты тіршілікті елестету қиын. Олар тұрғын үйлерге ғана емес, білім беру мекемелеріне, кәсіпкерлік нысандарға және қоғамдық қызметтердің жұмысына қажет.
Көшелердің жарықтандырылуы да жайлылықпен қатар қауіпсіздікке тікелей әсер етеді.
Кәсіби тәжірибеме сүйене отырып, көше жарығын жақсарту, жарықтандыруға мұқтаж аумақтарды анықтау және электр инфрақұрылымына қатысты тұрғындар көтерген мәселелердің жауапты ұйымдарда қаралуына ықпал етемін.
Байланыс пен интернет қызметінің сапасына қатысты өтініштерді де назардан тыс қалдырмаймын. Тиісті қызмет көрсетуші ұйымдарға тұрғындардың ұсыныстарын жеткізіп, мәселелерді шешу жолдарын қарастыруға дайынмын.
Мұндай жұмыста ең алдымен нақты ақауды анықтау, жауапты мекемені белгілеу және оның орындалуын бақылау маңызды.
АУЫЛ ЖОЛЫ – ТҰРҒЫННЫҢ
КҮНДЕЛІКТІ БАҒЫТЫ
Жолдың жағдайы әрбір адамның өміріне әсер етеді. Балалар мектепке, ересектер жұмысқа, тұрғындар медициналық және басқа да қызмет көрсету орындарына күн сайын қатынайды.
Сондықтан ауылішілік жолдарды жөндеу, көшелердің қауіпсіздігін арттыру және жаяу жүргіншілерге қолайлы жағдай жасау мәселелеріне басымдық беремін.
Жөндеуді қажет ететін учаскелерді тұрғындардың ұсыныстары негізінде анықтап, оларды тиісті жоспарларға енгізу жөнінде жұмыс жүргізуге ниеттімін.
Мектеп маңындағы жол белгілерінің, жаяу жүргіншілер өткелдерінің және қоғамдық көлік аялдамаларының жағдайына ерекше назар аудару қажет.
Жол мәселесін көтергенде тек жөндеу жұмыстарын емес, олардың сапасын және тұрғындарға қолайлылығын да ескеру маңызды.
ЕҢБЕК АДАМЫНА ҚҰРМЕТ –
ЖАСТАРҒА ҮЛГІ
Қоғамның дамуына түрлі мамандық иелері үлес қосады. Электрик, құрылысшы, механик, жүргізуші және басқа да техникалық мамандардың еңбегі күнделікті өмірдің қалыпты жүруін қамтамасыз етеді.
Өз тәжірибем арқылы жұмысшы мамандықтарының жауапкершілігі мен маңызын жақсы білемін.
Жастардың техникалық және кәсіптік білім алуына, сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруіне, тәжірибелі мамандардан үйренуіне жағдай жасау бастамаларын қолдаймын.
Кәсіптік бағдар беру кездесулерін өткізу, еңбек адамдарының тәжірибесін насихаттау және жастардың жергілікті кәсіпорындармен байланысын нығайту маңызды.
Ауыл жастарының өз қабілетіне сай мамандық таңдап, тұрақты еңбек етуіне мүмкіндік беретін ұсыныстарды аудандық деңгейде көтеруге дайынмын.
БАЛАЛАР МЕН ҮЛКЕНДЕРГЕ ҚОЛАЙЛЫ ОРТА
Ауылдың дамуы тек жол мен инженерлік желілердің жағдайымен шектелмейді. Тұрғындарға демалатын, балаларға ойнайтын, жастарға спортпен айналысатын қауіпсіз орындар қажет.
Ойын және спорт алаңдарының жағдайын жақсарту, қоғамдық аумақтарды күтіп ұстау, көгалдандыру және тазалық мәселелерін қолдаймын.
Әсіресе балалар мен егде жастағы тұрғындардың қауіпсіздігіне көңіл бөлу маңызды.
Қоғамдық орындарды абаттандыруға қатысты ұсыныстарды жинақтап, оларды жауапты мекемелердің қарауына енгізуге ықпал етемін.
АУЫЛДАҒЫ ӘР ОТБАСЫНЫҢ МӘСЕЛЕСІ МАҢЫЗДЫ
Тұрғындардың әлеуметтік жағдайы, медициналық қызметке қолжетімділігі және күнделікті қажеттіліктері назардан тыс қалмауы тиіс.
Қарт азаматтардың, көпбалалы отбасылардың және әлеуметтік қолдауға мұқтаж тұрғындардың өтініштерін тыңдап, тиісті мемлекеттік органдарға жеткізуге дайынмын.
Медициналық қызметтің қолжетімділігі мен ауылдағы әлеуметтік нысандардың жағдайына қатысты мәселелерді де аудандық деңгейде көтеруге ниеттімін.
Мен үшін маңыздысы – әрбір өтініштің қаралуы және тұрғынның өз мәселесі бойынша нақты жауап алуы.
МЕНІҢ НЕГІЗГІ БАСТАМАМ – «АҚСАЙ: ЖАРЫҚ, ҚАУІПСІЗДІК, ЖАЙЛЫЛЫҚ»
Бұл бастаманың мақсаты – ауылдың күнделікті тіршілігіне тікелей әсер ететін инфрақұрылымдық мәселелерді анықтап, оларды кезең-кезеңімен шешуге ықпал ету.
Ең алдымен тұрғындармен бірлесіп, жарықтандыруды, жол жөндеуді және қауіпсіздік шараларын қажет ететін аумақтарды белгілеуді ұсынамын.
Жинақталған мәселелер бойынша тиісті мекемелерге ұсыныстар енгізіп, олардың даму жоспарлары мен бюджет талқылауларында қаралуына күш саламын.
Әрбір мәселенің шешілу барысы туралы тұрғындарға ақпарат беріп, атқарылған жұмыстардың нәтижесін бақылауды маңызды деп санаймын.
Бастаманың басты мақсаты – ауылдағы қарапайым, бірақ тұрғындар үшін маңызды қажеттіліктердің назардан тыс қалмауы.
ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Еңбек адамын оның сөзіне емес, атқарған ісіне қарап бағалайды. Мен де осы қағиданы ұстанамын.
Ақсай ауылының болашағы үшін ең алдымен тұрғындардың күнделікті өмірін жеңілдететін мәселелерге көңіл бөлу қажет деп есептеймін.
Мәслихат депутатының өкілеттігі аясында халықтың ұсыныстарын көтеріп, жауапты мекемелермен бірлесіп жұмыс жүргізуге және қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауға дайынмын.
Елге қызмет – сөзбен емес, еңбекпен!
Құрметпен, Газизов Ерік Қайрғазыұлы
Кандидаттардың үгіт-насихат
материалдары республикалық
бюджеттен қаржыландырылды
Кандидат в депутаты Илийского
районного маслихата
в порядке самовыдвижения
ГАЗИЗОВ ЕРИК КАЙРГАЗИЕВИЧ
Одномандатный территориальный
избирательный округ №14
УВАЖАЕМЫЕ ЖИТЕЛИ СЕЛА АКСАЙ!
Жизнь села начинается с раннего утра. Кто-то спешит на работу, кто-то провожает детей в школу. Старшее поколение занимается домашними делами, молодёжь строит планы на будущее. Чтобы эта повседневная жизнь проходила без лишних трудностей, прежде всего необходимы нормальные условия.
Когда в доме есть электричество, на улицах безопасно, а дороги удобны, у людей появляется больше уверенности в завтрашнем дне. Но если хотя бы одна из этих привычных потребностей не обеспечена, трудности ощущает каждая семья.
За годы трудовой деятельности я хорошо понял значение такой ответственности. Работа в сфере электротехнического обслуживания и связи требует внимательности, дисциплины, соблюдения правил безопасности и своевременного выявления неисправностей. Самое главное – решать вопросы не словами, а конкретными действиями.
Я, Газизов Ерик Кайргазиевич, родился 26 августа 1969 года в Мактааральском районе нынешней Туркестанской области. Являюсь гражданином Республики Казахстан. Имею высшее образование. В настоящее время работаю электромонтёром АО «Казахтелеком».
Как человек труда, я понимаю повседневные заботы жителей. Поэтому, выдвигая свою кандидатуру в депутаты Илийского районного маслихата, ставлю перед собой цель содействовать развитию села Аксай, улучшению условий жизни населения и решению актуальных вопросов.
ОСВЕЩЕНИЕ И СВЯЗЬ – ОСНОВА
СОВРЕМЕННОГО СЕЛА
Сегодня трудно представить нормальную жизнь без электричества и устойчивой связи. Они необходимы не только жилым домам, но и образовательным учреждениям, предпринимательским объектам и общественным службам.
Уличное освещение также непосредственно влияет на комфорт и безопасность населения.
Опираясь на профессиональный опыт, намерен содействовать улучшению уличного освещения, выявлению участков, нуждающихся в дополнительных источниках света, и рассмотрению ответственными организациями вопросов электрической инфраструктуры, поднятых жителями.
Не останутся без внимания обращения по качеству связи и интернет-услуг. Готов доводить предложения населения до соответствующих обслуживающих организаций и рассматривать возможные пути решения проблем.
В такой работе важно прежде всего определить конкретную неисправность, ответственную организацию и контролировать исполнение принятых решений.
СЕЛЬСКИЕ ДОРОГИ – ЕЖЕДНЕВНЫЕ МАРШРУТЫ ЖИТЕЛЕЙ
Состояние дорог влияет на жизнь каждого человека. Дети ежедневно ходят в школу, взрослые добираются на работу, жители посещают медицинские учреждения и другие объекты обслуживания.
Поэтому приоритетное внимание намерен уделять вопросам ремонта внутрисельских дорог, повышения безопасности улиц и создания удобных условий для пешеходов.
Планирую выявлять участки, нуждающиеся в ремонте, на основе предложений жителей и содействовать их включению в соответствующие планы.
Особого внимания требуют состояние дорожных знаков возле школ, пешеходных переходов и остановок общественного транспорта.
При рассмотрении дорожных вопросов важно учитывать не только проведение ремонта, но и качество выполненных работ, их удобство для населения.
УВАЖЕНИЕ К ЧЕЛОВЕКУ ТРУДА – ПРИМЕР ДЛЯ МОЛОДЁЖИ
В развитие общества вносят вклад представители самых разных профессий. Электрики, строители, механики, водители и другие технические специалисты обеспечивают нормальное функционирование повседневной жизни.
Благодаря собственному опыту я хорошо понимаю ответственность и значимость рабочих специальностей.
Буду поддерживать инициативы, направленные на получение молодёжью технического и профессионального образования, освоение востребованных профессий и обучение у опытных специалистов.
Важны проведение профориентационных встреч, популяризация опыта людей труда и укрепление связей молодёжи с местными предприятиями.
Готов поднимать на районном уровне предложения, способствующие выбору молодыми людьми подходящей профессии и стабильной трудовой занятости.
КОМФОРТНАЯ СРЕДА ДЛЯ ДЕТЕЙ И
СТАРШЕГО ПОКОЛЕНИЯ
Развитие села не ограничивается состоянием дорог и инженерных сетей. Жителям нужны безопасные места для отдыха, детям – игровые площадки, молодёжи – возможности для занятий спортом.
Буду поддерживать вопросы улучшения состояния игровых и спортивных площадок, содержания общественных территорий, озеленения и чистоты.
Особое значение имеет безопасность детей и пожилых граждан.
Намерен собирать предложения по благоустройству общественных пространств и содействовать их рассмотрению ответственными организациями.
ВАЖНА ПРОБЛЕМА КАЖДОЙ СЕМЬИ
Социальное положение жителей, доступность медицинских услуг и повседневные потребности населения не должны оставаться без внимания.
Готов выслушивать обращения пожилых граждан, многодетных семей и жителей, нуждающихся в социальной поддержке, и доводить их до соответствующих государственных органов.
Также намерен поднимать на районном уровне вопросы доступности медицинской помощи и состояния социальных объектов села.
Для меня важно, чтобы каждое обращение рассматривалось, а житель получал конкретный ответ по своей проблеме.
МОЯ ОСНОВНАЯ ИНИЦИАТИВА – «АКСАЙ: СВЕТ, БЕЗОПАСНОСТЬ, КОМФОРТ»
Цель этой инициативы – выявлять инфраструктурные проблемы, непосредственно влияющие на повседневную жизнь села, и содействовать их поэтапному решению.
Прежде всего предлагаю совместно с жителями определить территории, нуждающиеся в освещении, ремонте дорог и дополнительных мерах безопасности.
По собранным вопросам намерен вносить предложения соответствующим организациям, содействовать их рассмотрению в планах развития и при обсуждении бюджета.
Считаю важным информировать население о ходе решения каждого вопроса и контролировать результаты выполненных работ.
Главная задача инициативы – не допускать, чтобы простые, но важные для жителей повседневные потребности оставались без внимания
УВАЖАЕМЫЕ ЗЕМЛЯКИ!
Человека труда оценивают не по словам, а по результатам его работы. Я также придерживаюсь этого принципа.
Считаю, что ради будущего села Аксай прежде всего необходимо уделять внимание вопросам, решение которых облегчает повседневную жизнь населения.
В пределах полномочий депутата маслихата готов поднимать предложения жителей, взаимодействовать с ответственными организациями и контролировать исполнение принятых решений.
Служение людям – не словами, а делом
С уважением Газизов Ерик Кайргазиевич
Агитационные материалы
кандидатов финансируются из
республиканского бюджета



