КАРИБАЕВ МУХИТ БАҚЫТҰЛЫ «ӘДІЛЕТ» партиясынан Іле аудандық мӘслихатының депутаттығына кандидат №16 бірмандаттық аумақтық сайлау округі

ҚАДІРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Ауызбіршілік пен өзара сенім бар жерде нақты өзгерістерге жол ашылады. Сондықтан мен үшін ең маңыздысы – құр уәде беру емес, нақты істерге ұмтылу, ашық диалог орнату және тұрғындардың ұсыныстарын ескеру.
Мәслихат депутаттығына үміткер ретінде менің басты мақсатым – халықтың мүддесін қорғау, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдау және өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу. Мен үшін әрбір тұрғынның пікірі маңызды. Ауылымыздың көркеюі, инфрақұрылымның жақсаруы, әлеуметтік мәселелердің шешілуі және халықтың өмір сүру сапасының артуы – ортақ міндетіміз.
Мен ашықтықты, жауапкершілікті және халықпен тұрақты байланысты басты ұстанымым деп білемін. Тұрғындардың талап-тілегін тиісті деңгейде көтеріп, заң аясында нақты шешімдер қабылдануына ықпал етуге күш саламын.
МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ
Менің ұстанымым – халыққа адал қызмет ету, тұрғындардың мүддесін қорғау және туған өлкемнің дамуына үлес қосу. Халық сенімі – мен үшін абырой ғана емес, үлкен жауапкершілік!
Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!
ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!
Мен, Карибаев Мухит Бақытұлы, 1974 жылы 11 ақпанда Алматы облысы, Іле ауданы, Боралдай кентінде дүниеге келгенмін.
Білімім жоғары. 2004 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін құқықтану мамандығы бойынша, 2009 жылы Қазақ аграрлық университетін бітіріп, 2012 жылы аталған университеттің экономика ғылымының магистрі дәрежесін алдым.
Еңбек жолымды 1992 жылы Алматы Винсовхоз жұмысшы кооперативінің дайындаушысы болып бастап, 1998–2001 жылдар аралығында №15 орта мектепте құқықтық тәрбие және құқықтық жалпы оқу ұйымдастырушысы, 2001–2002 жылдары «Жетісу» шаруа қожалығы өндіріс төрағасының орынбасары, 2002–2005 жылдары Боралдай кенттік округі әкімі аппаратының бас маманы, 2005–2008 жылдары Боралдай кенті әкімінің орынбасары қызметтерін атқардым.
Әр жылдары А. Тоқпанов және Ащыбұлақ ауылдық округтерінің әкімі, Іле және Талғар аудандары әкімдері аппараттарының басшысы лауазымдарында қызмет еттім.
Ауданның әр саласында қызмет атқару барысында тұрғын үй, әлеуметтік нысандардың құрылысы, жолдарды салу мен жөндеу, елді мекендерді жарықтандыру мен абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Тұрғын үй секторын энергиямен, сумен, жылумен, газбен қамтамасыз ету жақсартылды. Денсаулық сақтау, білім, мәдениет және спорт мекемелерінің жұмысының жақсаруына үлесімді қостым.
2024 жылдың 15 ақпанынан бастап Іле ауданы мәслихатының төрағасы қызметін атқардым. Мәслихат төрағасы қызметінде бүгінге дейін 69 сессия, 54 тұрақты комиссия отырысы өткізіліп, ауылдың өзекті мәселелері бойынша 29 депутаттық сауал жолданып, тұрғындардың экономикалық жағдайларын жақсартуға атсалыстым.
Басты мақсатым — туындаған мәселелерді шешу кезінде жылдам шешім қабылдау, қиындықтардың алдын алу, әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруда белсенділік таныту.
Әрбір елді мекенге тиісті көңіл бөлініп, тұрғылықты жеріне қарамастан барлық тұрғынға лайықты өмір сүру жағдайы жасалуға тиіс деп сенемін. Мен үшін әділдік пен халық алдындағы жауапкершіліктің мәні осында.
Бағдарламам «Әділет» партиясының құндылықтары мен бағдарламалық басымдықтарына негізделген. Басты назарда қордаланған мәселелерді шешумен қатар, ауыл кәсіпкерлігін дамыту, еңбек адамын қолдау, жастарға мүмкіндік жасау міндеттері тұр.
Нақты міндеттерім — даму жоспарлары мен аудандық бюджетте ескерілуіне қол жеткізіп, қабылданған шешімдердің орындалуын бақылап, тұрғындар алдында ашық есеп беру.
Мен үшін депутаттық жұмыстың басты нәтижесі — халықтың өміріндегі нақты өзгерістер.
Құрметпен, Мухит Карибаев
2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
1. ЖОЛДАР МЕН КӨЛІК
2027 жылы А. Тоқпанов ауылының көшелеріндегі жөндеуді қажет ететін учаскелерді жөндеуге қол жеткізу. Аудандағы елді мекендер арасындағы көлік қатынасын жақсартуға, қоғамдық көліктің тұрақты жүруін қамтамасыз етуге және жолдарды сапалы күтіп ұстауға жәрдемдесу.
- СУМЕН ЖӘНЕ ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ, КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
Сумен жабдықтау мәселелерін шешуге, тозған инженерлік желілерді жөндеуге қол жеткізу. Ауылдық елді мекендерді электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз етуге және сыртқы жарықтандыру құрылғысы бар электрмен жабдықтау желілерін салуға ерекше көңіл бөлу.
- ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕ ЖӘНЕ АУЫЛ КӘСІПКЕРЛІГІН ДАМЫТУ
Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарына жеңілдетілген несие беру аясын кеңейтуге, жеке қосалқы шаруашылықтарды, отбасылық кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытуға жәрдемдесу. Аудан тұрғындары үшін мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін арттыруға қол жеткізу.
- АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ
Жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету, ветеринариялық инфрақұрылымды дамыту және ауыл шаруашылығы қызметтерінің қолжетімділігін арттыру мәселелерінде ауыл тұрғындарының мүддесін қорғау. Жергілікті фермерлер мен жеке қосалқы шаруашылықтардың өнімдерін сатуға арналған, тиісті түрде жабдықталған алаң құруға қол жеткізу.
- ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАБЫСЫ
Шағын бизнесті дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және инвестиция тарту арқылы тұрақты жұмыс орындарын ашуды қолдау. Халықты жұмыспен қамтуға, кәсіптік оқытуға және жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған мемлекеттік шараларды іске асыруға жәрдемдесу.
- ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ
МЕДИЦИНА
Ауылдық аурухананың жабдықталуын жақсартуға, бейінді дәрігерлердің қызметі мен шалғай ауылдардағы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға қол жеткізу. «Дипломмен ауылға» жобасын қоса алғанда, мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану арқылы медицина кадрларын тартуды қолдау.
- ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР ЖӘНЕ
БАЛАЛАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ
2027 жылы А. Тоқпанов ауылында 1200 орындық мектептің құрылысын бастауға, орта мектептердің материалдық-техникалық жабдықталуын жақсартуға, білім беру ұйымдарына баратын жолдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қол жеткізу. Мектепке апаратын жолдарды ретке келтіруге, сондай-ақ балалар және спорт алаңдарын дамытуға басымдық беру.
- ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ
ОТБАСЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ
2027 жылдың соңында А. Тоқпанов ауылында 280 орындық мәдениет үйінің құрылысын бастауға, қарт адамдар, балалы отбасылар және мүгедектігі бар адамдар үшін мемлекеттік әлеуметтік қызметтердің қолжетімді болуын қамтамасыз етуге күш салу. Әлеуметтік осал азаматтардың тұрмыс жағдайын жақсартуға және аудан мекемелерінде қолжетімді орта қалыптастыруға жәрдемдесу.
- САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ПЕН ИНТЕРНЕТ
Ұялы байланыс пен интернет сапасын жақсартуға, сондай-ақ ауданның шалғай елді мекендеріндегі қамту аясын кеңейтуге қол жеткізу. Ауылдық мекемелерді цифрландыруды және электрондық мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруды қолдау.
- ТАЗА ӘРІ АБАТТАНДЫРЫЛҒАН АУЫЛДАР
«Таза Қазақстан» бастамасы аясында көшелерді абаттандыруға, қалдықтарды жинау мен шығару жүйесін жақсартуға, елді мекендерді көгалдандыруға және жайлы қоғамдық кеңістіктер құруға қол жеткізу.
Халық сенімі — үлкен жауапкершілік.
Ел игілігі жолындағы еңбек — басты мақсат!
Кандидаттардың үгіт-насихат
материалдары республикалық
бюджеттен қаржыландырылды
Кандидат в депутаты
Илийского районного маслихата
от партии «ӘДІЛЕТ»
КАРИБАЕВ МУХИТ БАҚЫТҰЛЫ
Одномандатный территориальный
избирательный округ №16
ДОРОГИЕ ЗЕМЛЯКИ!
Там, где царят единство и взаимное доверие, открываются возможности для реальных перемен. Поэтому для меня главное – не давать пустых обещаний, а стремиться к конкретным результатам, вести открытый диалог с жителями и учитывать их предложения.
Как кандидат в депутаты маслихата, своей основной целью я считаю защиту интересов населения, внимательное отношение к мнению и предложениям жителей, а также содействие социально-экономическому развитию нашего района.
Для меня важно мнение каждого жителя. Благоустройство наших населённых пунктов, развитие инфраструктуры, решение социальных вопросов и повышение качества жизни населения – наша общая задача.
Открытость, ответственность и постоянную связь с населением считаю основными принципами своей работы. Намерен последовательно отстаивать интересы жителей, поднимать волнующие их вопросы на соответствующем уровне и содействовать принятию конкретных решений в рамках действующего законодательства.
МОИ ПРИНЦИПЫ
Мой главный принцип — честно служить народу, защищать интересы жителей и вносить вклад в развитие родного края.
Доверие народа для меня — не только большая честь, но и огромная ответственность!
Приходите на выборы! Голосуйте за меня!
УВАЖАЕМЫЕ ИЗБИРАТЕЛИ!
Я, Карибаев Мухит Бакытулы, родился 11 февраля 1974 года в посёлке Боралдай Илийского района Алматинской области.
Имею высшее образование. В 2004 году окончил Казахский национальный университет имени аль-Фараби по специальности «Правоведение». В 2009 году окончил Казахский аграрный университет, а в 2012 году получил в этом же университете степень магистра экономических наук.
Свою трудовую деятельность начал в 1992 году в должности заготовителя рабочего кооператива «Алматы Винсовхоз».
С 1998 по 2001 год работал организатором правового воспитания и всеобщего правового обучения в средней школе № 15, в 2001–2002 годах — заместителем председателя по производству крестьянского хозяйства «Жетісу».
В 2002–2005 годах занимал должность главного специалиста аппарата акима Боралдайского поселкового округа, в 2005–2008 годах — заместителя акима посёлка Боралдай.
В разные годы занимал должности акима сельских округов имени А. Токпанова и Ащыбулак, а также руководителя аппарата акима Илийского и Талгарского районов.
За годы работы на различных ответственных должностях в районе проводилась работа по строительству жилых домов и социальных объектов, строительству и ремонту дорог, освещению и благоустройству населённых пунктов.
Улучшалось обеспечение жилого сектора электроэнергией, водой, теплом и газом. Я также вносил свой вклад в совершенствование деятельности учреждений здравоохранения, образования, культуры и спорта.
С 15 февраля 2024 года исполнял обязанности председателя Илийского районного маслихата.
За период моей работы на этой должности было проведено 69 сессий маслихата и 54 заседания постоянных комиссий, направлено 29 депутатских запросов по актуальным вопросам жизнедеятельности населённых пунктов. Особое внимание уделялось вопросам улучшения социально-экономического положения жителей.
В своей работе я стремился оперативно реагировать на возникающие проблемы, предупреждать возможные трудности и активно участвовать в реализации социальных программ.
Убеждён, что каждому населённому пункту необходимо уделять должное внимание, а все жители, независимо от места проживания, должны иметь достойные условия для жизни. Именно в этом я вижу подлинный смысл справедливости и ответственности перед народом.
Моя предвыборная программа основана на ценностях и программных приоритетах партии «Әділет».
Наряду с решением накопившихся проблем особое внимание намерен уделять развитию сельского предпринимательства, поддержке людей труда и созданию новых возможностей для молодёжи.
Моя задача — добиваться включения актуальных вопросов в планы развития района и районный бюджет, контролировать исполнение принятых решений и открыто отчитываться перед жителями о проделанной работе.
Для меня главный результат депутатской деятельности — реальные положительные изменения в жизни людей.
С уважением, Мухит Карибаев
КОНКРЕТНЫЕ ОБЯЗАТЕЛЬСТВА НА 2026–2031 ГОДЫ
- ДОРОГИ И ТРАНСПОРТ
В 2027 году добиваться проведения ремонта участков улиц села имени А. Токпанова, нуждающихся в восстановлении.
Содействовать улучшению транспортного сообщения между населёнными пунктами района, обеспечению регулярного движения общественного транспорта, а также качественному содержанию и своевременному ремонту автомобильных дорог.
- ВОДО И ЭЛЕКТРОСНАБЖЕНИЕ,
КОММУНАЛЬНАЯ ИНФРАСТРУКТУРА
Добиваться решения вопросов водоснабжения и ремонта изношенных инженерных сетей.
Уделять особое внимание обеспечению сельских населённых пунктов бесперебойным электроснабжением, а также строительству электрических сетей с установкой систем наружного освещения.
- ДОСТУПНОЕ КРЕДИТОВАНИЕ И РАЗВИТИЕ СЕЛЬСКОГО ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСТВА
Содействовать расширению возможностей льготного кредитования сельских жителей в рамках программы «Ауыл аманаты», развитию личных подсобных хозяйств, семейного предпринимательства и сельскохозяйственных кооперативов.
Добиваться повышения доступности мер государственной поддержки для жителей района.
- ПОДДЕРЖКА СЕЛЬСКОГО ХОЗЯЙСТВА
Защищать интересы сельских жителей в вопросах обеспечения пастбищными угодьями, развития ветеринарной инфраструктуры и повышения доступности услуг в сфере сельского хозяйства.
Добиваться создания специально оборудованной торговой площадки для реализации продукции местных фермеров и личных подсобных хозяйств.
- НОВЫЕ РАБОЧИЕ МЕСТА И ПОВЫШЕНИЕ ДОХОДОВ СЕЛЬСКИХ ЖИТЕЛЕЙ
Поддерживать создание постоянных рабочих мест за счёт развития малого бизнеса, переработки сельскохозяйственной продукции и привлечения инвестиций.
Содействовать реализации государственных мер, направленных на обеспечение занятости населения, профессиональное обучение и поддержку молодых предпринимателей.
- ДОСТУПНАЯ И КАЧЕСТВЕННАЯ МЕДИЦИНА
Добиваться укрепления материально-технической базы сельской больницы, повышения доступности медицинской помощи и услуг профильных специалистов, в том числе для жителей отдалённых населённых пунктов.
Содействовать привлечению медицинских кадров в сельскую местность с использованием действующих мер государственной поддержки, включая программу «С дипломом — в село!».
- СОВРЕМЕННЫЕ ШКОЛЫ И КОМФОРТНЫЕ УСЛОВИЯ ДЛЯ ДЕТЕЙ
Добиваться начала строительства школы на 1200 мест в селе имени А. Токпанова в 2027 году.
Содействовать укреплению материально-технической базы общеобразовательных школ и обеспечению безопасности дорог, ведущих к образовательным учреждениям.
Уделять приоритетное внимание благоустройству подъездных путей и пешеходных маршрутов к школам, а также развитию детских игровых и спортивных площадок.
- СОЦИАЛЬНАЯ ЗАЩИТА И ПОДДЕРЖКА СЕМЕЙ
Добиваться начала строительства Дома культуры на 280 мест в селе имени А. Токпанова к концу 2027 года.
Прилагать усилия для обеспечения доступности государственных социальных услуг пожилым людям, семьям с детьми и лицам с инвалидностью.
Содействовать улучшению условий жизни социально уязвимых категорий граждан и формированию доступной среды в учреждениях района.
- КАЧЕСТВЕННАЯ МОБИЛЬНАЯ СВЯЗЬ И ИНТЕРНЕТ
Добиваться повышения качества мобильной связи и интернета, а также расширения зоны покрытия в отдалённых населённых пунктах района.
Поддерживать цифровизацию сельских учреждений и повышение доступности электронных государственных услуг для населения.
- ЧИСТЫЕ И БЛАГОУСТРОЕННЫЕ
НАСЕЛЁННЫЕ ПУНКТЫ
В рамках общенациональной инициативы «Таза Қазақстан» содействовать благоустройству улиц, совершенствованию системы сбора и вывоза бытовых отходов, озеленению населённых пунктов и созданию комфортных общественных пространств.
Доверие народа — огромная ответственность!
Труд на благо людей — моя главная цель!
Агитационные материалы
кандидатов финансируются из
республиканского бюджета



