Мәслихат-2026

СҮЛЕЙМЕН АЙДАНА ӘСКЕРБЕКҚЫЗЫ Өзін-өзі ұсыну тәртібімен Іле аудандық  мӘслихатының депутаттығына кандидат № 16 бірмандаттық аумақтық сайлау округі

ҚАДІРЛІ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Адам денсаулығы тек ауруханада немесе емханада қорғалмайды. Ол әр отбасының тұрмыс жағдайынан, ішетін суының сапасынан, көшесінің қауіпсіздігінен, қоршаған ортаның тазалығынан басталады. Медициналық қызметкер ретінде мен мұны күнделікті жұмысымда түсінемін.

Кейде дер кезінде көрсетілген көмек адамның өмірін сақтап қалады. Ал кейде тұрғынның денсаулығына әсер ететін мәселені шешу үшін дәрігердің көмегі ғана жеткіліксіз. Оған қолайлы инфрақұрылым, әлеуметтік қолдау және жауапты мекемелердің үйлесімді жұмысы қажет.

Мен, Сүлеймен Айдана Әскербекқызы, 1995 жылғы 30 қарашада Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында дүниеге келдім. Қазақстан Республикасының азаматымын. Білімім – жоғары. Қазіргі уақытта «Н. Досжанов атындағы Отбасылық медицина орталығы» ЖШС-де бас медбике болып қызмет атқарамын.

Медицина саласындағы еңбек маған адамды тыңдауды, әр жағдайға мұқият қарауды және жауапкершілікті сезінуді үйретті. Әр науқастың жағдайы әртүрлі болғаны сияқты, әр отбасының да өз мәселесі бар. Оларды бір ғана шешіммен реттеу мүмкін емес.

Асқар Тоқпанов ауылында да назар аударуды қажет ететін мәселелер бар. Әлеуметтік нысандардың қолжетімділігі, инженерлік желілердің жағдайы, жол қауіпсіздігі және санитариялық тазалық тұрғындардың өмір сапасына тікелей әсер етеді.

Сондықтан депутаттыққа үміткер ретінде менің мақсатым – халықтың күнделікті қажеттіліктерін назарға алып, олардың шешілуіне заңды әрі нақты тетіктер арқылы атсалысу.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ: ЕМДЕУДЕН

БҰРЫН – АЛДЫН АЛУ

Аурудың алдын алу, уақытылы тексерілу және медициналық кеңестің қолжетімді болуы – халық денсаулығын сақтаудың маңызды шарттары.

Ауыл тұрғындары үшін медициналық қызметке жүгіну кезінде кезек күту, қажетті маманға қаралу және профилактикалық тексерулерден өту мәселелері туындауы мүмкін.

Осы бағытта тұрғындардың ұсыныстарын жинақтап, медициналық қызметтің қолжетімділігін жақсарту жөніндегі мәселелерді жауапты органдар алдында көтеруге дайынмын.

Созылмалы аурулары бар азаматтарды бақылау, ана мен бала денсаулығын қорғау, егде жастағы тұрғындарға медициналық ақпарат жеткізу және профилактикалық шараларды кеңейту бастамаларын қолдаймын.

Медициналық мекемелердің материалдық қажеттіліктері мен қызмет көрсету жағдайына қатысты мәселелердің тиісті деңгейде қаралуына ықпал етемін.

БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫ – ОТБАСЫ

 ТЫНЫШТЫҒЫ

Баланың денсаулығы оның дұрыс тамақтануына, қауіпсіз ортада өсуіне, қозғалыс белсенділігіне және сапалы білім алуына байланысты.

Халық саны артқан елді мекенде мектептердің жүктемесі мен балаларға арналған қоғамдық нысандардың жеткіліктілігі маңызды. Сол себепті ауылымызда жоспарланатын жаңа мектеп құрылысының жүзеге асу барысына назар аударып, оқушыларға қолайлы жағдай жасау жөніндегі ұсыныстарды қолдауға ниеттімін.

Мектептердегі медициналық қауіпсіздік, балалардың дене белсенділігі, дұрыс тамақтану мәдениеті және зиянды әдеттердің алдын алу бағытындағы түсіндіру жұмыстарын дамыту қажет.

Спорттық нысандар мен балалар алаңдарының қолжетімді болуына, олардың қауіпсіз пайдаланылуына қатысты бастамаларды да назарда ұстаймын.

ТАЗА ОРТА – САЛАУАТТЫ ӨМІРДІҢ АЛҒЫШАРТЫ

Тұрмыстық қалдықтардың жиналуы, санитариялық талаптардың сақталмауы және қоғамдық орындардың күтімсіз қалуы тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.

Ауылдағы санитариялық жағдайға қатысты шағымдар тиісті мамандардың қатысуымен қаралып, заң талаптарына сәйкес шешілуі тиіс.

Қоқыс шығару тәртібін жақсарту, заңсыз қалдық орындарының пайда болуына жол бермеу және қоғамдық аумақтардың тазалығын сақтау мәселелерін көтеруге атсалысамын

Санитариялық қауіп тудыратын жағдайлар бойынша құзыретті органдарға жүгіну, тексеру нәтижелерінің заңды тәртіппен қаралуы және тұрғындарға ақпарат берілуі маңызды.

Тазалықты сақтау тек мекемелердің емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі болуы қажет.

ИНЖЕНЕРЛІК ЖЕЛІЛЕРДЕГІ МӘСЕЛЕ –

ТҰРМЫСТАҒЫ ҚИЫНДЫҚ

Электр қуатының тұрақтылығы, ауызсуға қолжетімділік және көшелердің жарықтандырылуы – тұрғындардың негізгі қажеттіліктері.

Ауылдың кейбір аумақтарында жер телімдері мен инженерлік желілердің құқықтық мәртебесіне қатысты мәселелердің көтерілуі инфрақұрылымды дамытуда ұйымдастырушылық шешімдердің де маңызды екенін көрсетті.

Осындай жағдайларда тұрғындардың заңды мүдделерін ескере отырып, жергілікті атқарушы органдармен және қызмет көрсетуші ұйымдармен бірлескен шешімдер іздеуге атсалысамын.

Жарықтандыру жобаларының іске асу барысын, электр желілерінің қауіпсіздігін және тұрғындар өтініштерінің қаралуын назарда ұстауға дайынмын.

Жол жөндеу мен қоғамдық көлікке қатысты мәселелердің де ауылдың даму жоспарларында ескерілуіне ықпал етемін.

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУДА АДАМҒА ЖЕКЕ НАЗАР ҚАЖЕТ

Медицина қызметінде адамның денсаулығына оның әлеуметтік жағдайы да әсер ететінін жиі байқауға болады.

Қарт адамдар, көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар және ерекше күтімді қажет ететін балалар тәрбиелеп отырған отбасылар қолдау шаралары туралы толық ақпарат алуы тиіс.

Әлеуметтік қызметтерге қол жеткізу, оңалту мүмкіндіктері және мемлекеттік көмекті рәсімдеу мәселелері бойынша түсіндіру кездесулерін ұйымдастыруға ықпал етемін.

Тұрғындардың өтініштерін тиісті мекемелерге жеткізіп, олардың заңды тәртіппен қаралуына назар аударамын.

МЕНІҢ БАСТАМАМ – «ДЕНСАУЛЫҚҚА ЖАҚЫН АУЫЛ»

Бұл бастама тұрғындардың денсаулығын сақтау мәселесіне кеңірек қарауды көздейді.

Медициналық мамандардың, білім беру ұйымдарының және қоғамдық бірлестіктердің қатысуымен профилактикалық кездесулер өткізу, алғашқы көмек көрсету дағдыларын үйрету және денсаулық туралы сенімді ақпарат тарату бағыттарын қолдауды ұсынамын.

Сонымен бірге тұрғындардың медициналық, санитариялық және әлеуметтік мәселелерін жинақтап, оларды құзыретті мекемелердің қарауына жеткізуге күш саламын.

Мақсат – әр тұрғынның денсаулығына қатысты мәселеге уақытылы көңіл бөлінуіне және қажетті көмекті алу жолдарының түсінікті болуына ықпал ету.

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Мен үшін халыққа қызмет ету – әр адамның жағдайына бейжай қарамаудан басталады.

Депутаттық өкілеттік аясында медициналық қызметтің қолжетімділігі, балалардың қауіпсіздігі, әлеуметтік қолдау және ауыл инфрақұрылымы мәселелерін көтеріп, олардың шешілуіне атсалысуға дайынмын.

Адам денсаулығына жанашырлық таныту – менің кәсіби міндетім. Ал ауылдың болашағына жауапкершілікпен қарау – азаматтық ұстанымым.

Құрметпен, Сүлеймен Айдана Әскербекқызы

 

Кандидаттардың үгіт-насихат

материалдары республикалық

бюджеттен қаржыландырылды

 

Кандидат в депутаты

 Илийского районного маслихата

в порядке самовыдвижения
СҮЛЕЙМЕН АЙДАНА ӘСКЕРБЕКҚЫЗЫ
Одномандатный территориальный

избирательный округ №16

УВАЖАЕМЫЕ ЖИТЕЛИ СЕЛА!

Здоровье человека сохраняется не только в больнице или поликлинике. Оно начинается с бытовых условий каждой семьи, качества питьевой воды, безопасности улиц и чистоты окружающей среды. Как медицинский работник, я понимаю это в своей повседневной деятельности.

Иногда своевременно оказанная помощь спасает человеческую жизнь. Но бывают ситуации, когда для устранения причин, влияющих на здоровье людей, недостаточно одной медицинской помощи. Необходимы качественная инфраструктура, социальная поддержка и согласованная работа ответственных организаций.

Я, Сүлеймен Айдана Әскербекқызы, родилась 30 ноября 1995 года в Урджарском районе Восточно-Казахстанской области. Являюсь гражданкой Республики Казахстан. Имею высшее образование. В настоящее время работаю главной медицинской сестрой ТОО «Центр семейной медицины имени Н. Досжанова».

Работа в медицине научила меня внимательно слушать людей, ответственно относиться к каждой ситуации и понимать значение своевременных действий. Как состояние каждого пациента индивидуально, так и у каждой семьи существуют собственные проблемы. Решить их одним универсальным способом невозможно.

В селе Аскара Токпанова также есть вопросы, требующие внимания. Доступность социальных объектов, состояние инженерных сетей, дорожная безопасность и санитарная чистота непосредственно влияют на качество жизни населения.

Поэтому, выдвигая свою кандидатуру в депутаты, я ставлю перед собой цель учитывать повседневные потребности жителей и содействовать их решению законными и конкретными способами.

ЗДРАВООХРАНЕНИЕ: ПРОФИЛАКТИКА ПРЕЖДЕ ЛЕЧЕНИЯ

Предупреждение заболеваний, своевременное обследование и доступность медицинских консультаций – важные условия сохранения здоровья населения.

Для сельских жителей могут возникать сложности, связанные с ожиданием приёма, посещением необходимых специалистов и прохождением профилактических обследований.

Намерена собирать предложения жителей и поднимать перед ответственными органами вопросы повышения доступности медицинской помощи.

Буду поддерживать инициативы по наблюдению за гражданами с хроническими заболеваниями, охране здоровья матери и ребёнка, информированию пожилых людей и расширению профилактических мероприятий.

Также намерена содействовать рассмотрению потребностей медицинских учреждений в оборудовании и улучшении условий обслуживания.

ЗДОРОВЬЕ РЕБЁНКА –

 СПОКОЙСТВИЕ СЕМЬИ

Здоровье детей зависит от правильного питания, безопасной среды, физической активности и качественного образования.

В населённом пункте с растущей численностью населения особую актуальность приобретают загруженность действующих школ и необходимость развития образовательной инфраструктуры. В связи с этим намерена уделять внимание вопросам планирования строительства новых школ, контролировать ход рассмотрения и реализации соответствующих проектов, а также содействовать созданию благоприятных условий для обучения детей.

Необходимо развивать разъяснительную работу по медицинской безопасности в школах, физической активности детей, культуре правильного питания и профилактике вредных привычек.

Буду поддерживать инициативы по повышению доступности спортивных объектов и детских площадок, обеспечению их безопасной эксплуатации.

ЧИСТАЯ СРЕДА – УСЛОВИЕ ЗДОРОВОЙ ЖИЗНИ

Скопление бытовых отходов, несоблюдение санитарных требований и ненадлежащее содержание общественных территорий могут отрицательно влиять на здоровье жителей.

Обращения по санитарному состоянию села должны рассматриваться с участием соответствующих специалистов и решаться в рамках законодательства.

Намерена содействовать рассмотрению вопросов улучшения вывоза мусора, предупреждения незаконных свалок и поддержания чистоты общественных территорий.

В случаях возникновения санитарных рисков важно обращаться в компетентные органы, обеспечивать рассмотрение результатов проверок в законном порядке и информирование населения.

Поддержание чистоты должно стать общей ответственностью не только организаций, но и всего общества.

ПРОБЛЕМЫ ИНЖЕНЕРНЫХ СЕТЕЙ –

ТРУДНОСТИ В ПОВСЕДНЕВНОЙ ЖИЗНИ

Стабильное электроснабжение, доступность питьевой воды и уличное освещение относятся к основным потребностям жителей.

Поднимавшиеся в отдельных частях села вопросы правового статуса земельных участков и инженерных сетей показали, насколько важны организационные решения при развитии инфраструктуры.

В подобных ситуациях намерена содействовать поиску совместных решений с местными исполнительными органами и обслуживающими организациями с учётом законных интересов населения.

Готова уделять внимание реализации проектов освещения, безопасности электросетей и рассмотрению обращений жителей.

Также буду содействовать учёту вопросов ремонта дорог и общественного транспорта в планах развития села.

В СОЦИАЛЬНОЙ ПОДДЕРЖКЕ ВАЖЕН

 ИНДИВИДУАЛЬНЫЙ ПОДХОД

В медицинской практике нередко приходится видеть, как социальные условия влияют на состояние здоровья человека.

Пожилые люди, многодетные семьи, граждане с инвалидностью и семьи, воспитывающие детей, нуждающихся в особом уходе, должны получать полную информацию о доступных мерах поддержки.

Намерена содействовать организации разъяснительных встреч по вопросам получения социальных услуг, возможностей реабилитации и оформления государственной помощи.

Буду направлять обращения жителей соответствующим организациям и уделять внимание их рассмотрению в установленном законом порядке.

МОЯ ИНИЦИАТИВА – «СЕЛО,

 ГДЕ ЗДОРОВЬЕ БЛИЖЕ»

Эта инициатива предполагает более широкий подход к сохранению здоровья населения.

Предлагаю поддерживать проведение профилактических встреч с участием медицинских специалистов, образовательных организаций и общественных объединений, обучение навыкам первой помощи и распространение достоверной информации о здоровье.

Одновременно намерена систематизировать медицинские, санитарные и социальные вопросы жителей и содействовать их рассмотрению компетентными организациями.

Цель – способствовать своевременному вниманию к вопросам здоровья каждого человека и сделать пути получения необходимой помощи более понятными.

УВАЖАЕМЫЕ ЗЕМЛЯКИ!

Для меня служение людям начинается с неравнодушного отношения к ситуации каждого человека.

В пределах депутатских полномочий готова поднимать вопросы доступности медицинской помощи, безопасности детей, социальной поддержки и сельской инфраструктуры, содействовать их решению.

Забота о здоровье человека – моя профессиональная обязанность. Ответственное отношение к будущему села – моя гражданская позиция.

С уважением, Сүлеймен Айдана Әскербекқызы

 

Агитационные материалы

кандидатов финансируются из

 республиканского бюджета

Басқа жаңалықтар

Back to top button