«Nur Otan»партиясы сайлауалды бағдарламасымен таныстырды
Іле аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар «Nur Otan»партиясының сайлауалды бағдарламаларымен таныстырды.
«Nur Otan» партиясының аудандық сайлауалды бағдарламасы бойынша 2021-2025 жылдары әлеуметтік сала, білім, денсаулық, жастар саясатына байланысты партияның атқаратын бағдарламасы және рөлі мен бірнеше бағытта атқаратын жұмысы туралы Жарқынбеков Сұлтан Данашұлы өз бағдарламасында айта келіп:
- 208 мың халықты 98 % ауыз сумен қамтамасыз ету,
- 2025 жылға М.Түймебаев ауылында сумен жабдықтау жүйесін жаңарту,
- 2021 жылға Жәпек батыр ауылындағы 900 орындық мектеп құрылыс аяқтау, 2023 жылы М.Түймебаев ауылына 600 орындық мектеп салу мәселелеріне тоқталды.
Иманбеков Айдын Макпырович өзінің сайлауалды бағдарламасында: фармацевтика саласын дамытуды жолға қою. Оның ішінде қант диабетіне қарсы дәрі-дәрмектердің және тағам өнімдердің бағасын тұрақтандыру, бетперделер өндірісін ұлғайту. Осы салаға жастарды оқыту және жұмысқа орналастыру мәселелерін көтерді.
Ал, аудандағы саяжайлардың мәселесін көтерген — Сарыбөпеев Бақтияр Жарылкаганович: саяжай коммуникацияларының өзекті мәселелерін шешу жолдарын оңтайландыру, жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелерін атап өтті.
Сондай-ақ өз кезегінде Алгазиев Бакытбек Асылбекович: экономикадағы импорт мәселесіне назар аударып, қымбатшылыққа қарсы құралдың бірі екеніне көңіл бөлді. Келесі басты мәселе автомобиль жолдарымен қоғамдық көліктердің жағдайы. Бұл мәселенің шешімін алдағы уақытта табу кезек күттірмейтін шешім, деп сөзін аяқтады.