Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғам

САЙЛАУАЛДЫ ШТАБ ІСКЕ КІРІСТІ

2020 жылдың 11 желтоқсаны күні аудандық партия филиалының сайлауалды штабының ашылуы өтті.        Шараға штаб мүшелері, сенім білдірген адамдар, партиялық тізімге енгізілген облыстық мәслихат депутаттығына канди-даттар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері – барлығы 15 адам қатысты. Іс-шараны штаб жетекшісі, аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары А. Сатибаев ашып, аудандық штаб мүшелерімен және нұсқаулықпен таныстырды. «Өздеріңіз білетіндей, 10 желтоқсанда сағат 18:00-де сай-лау науқанының үгіт-насихат кезеңі басталды. Біздің филиал толығымен дайын: барлық ұйым-дастырушылық және материалдық-техникалық мәселелер шешілді, белсенді топтар мен сенімді адамдар дайындалды» дей келе, А. Сатибаев өз сөзінде штаб жұмысының міндеті – сайлау кезінде «Нұр Отан» пар-тиясының айқын жеңіске қол жеткізуіне үлес қосу екенін қадап айтты. Аудандық партия филиалы төрағасының орынбасарының айтуынша, «Нұр Отан» партиясының аудандық сайлауалды штабының құрамында аудан көлемінде танымал партия және қоғам қайраткерлері, партияның Саяси кеңесінің мүшелері бар. Өткен сайлау науқандарына қатысып, мол тәжірибе жинақтаған азаматтармен қатар, штаб құрамына жастар ұйымдарының белсенді өкілдері де кірген.

Штаб жетекшісі «Нұр Отан» партиясы биліктегі басымдыққа ие және жауапкершілігі мол саяси күш ретінде өз Сайлауалды бағдарламасында жаңа үдерістерге жауап беретін және бірлік, тұрақтылық пен жасампаздықты қамтамасыз етуге бағытталған Елбасы анықтап берген мемлекеттік бағдарды жүзеге асыру жөніндегі алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін нақты меже-лерді белгілегенін атап өтті.

Бүгінгі таңда партияда түрлі әлеуметтік топтарға жататын тұрғындармен нақты іс-қимыл жоспары әзірленіп, республикалық желілік кестесі қабылданып, медиялық жоспар бекітілді.

Штаб ресми түрде ашылып,  Іле аудандық штабының қоғамдық қабылдау бөлмесі көрсетілді. Іс-шара санитарлық талаптарға сай өтті.

Өз тілшіміз

Басқа жаңалықтар

Back to top button