Алматы облысының жаңалықтарыҚоғам

ZOOM-ДАҒЫ ЗІЛДІ МӘСЕЛЕ

2020 жылдың 28 желтоқсаны күні Алматы облыстық және Іле аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер білім саласы өкілдерімен ZOOM платформасы арқылы кездесу өткізді. Кездесуде «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. Қатысушылар тарапынан басқа ұлт өкілдерінен ұсынылған үміткерлерге келешекте мемлекеттік тілді меңгеріп, мемлекеттік тілде сөйлеу ұсынылды.

Кездесуде біздің облысымызға ғана тиісті саяжай мәселесін, оның ішінде саяжай оқушыларын мектепке тасымалдау мәселесін көтерді. Депутаттыққа ұсынылып отырған ең жас үміткер Рақыш Темірлан партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, жастар мәселесін көтерді. Жас үміткерге алдағы уақытта «Дипломмен ауылға» бағдарламасын қайта қарап, толықтыру ұсынылды. Кездесу соңында үміткерлер қатысушыларды 10 қаңтарда болатын сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button