Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғам
«Nur Otan» партиясы кандидаттары «Қолайлы аудан» бөлімін түсіндірді
Үгіт-насихат жұмыстары өз жалғасын табуда. «Nur Otan» партиясы кандидаттары қашықтықтан, ZOOM платформасында көп балалы аналармен кездесу өткізді. «Nur Otan» партиясының Сайлауалды бағдарламасын талқылап, көп балалы отбасылар үшін жасалатын жоспарларды таныстырды.
7 басымдықтың үшінші боп бой көтеріп тұрған «Қолайлы аудан» бөлімінде:
Өмір сүру жағдайын жақсартамыз
«Nur Otan» партиясы отбасы институтын нығайту, олардың материалдық тұрақтылығын қамтамасыз ету, тұрғын үй алуға мүмкіндіктер жасау бойынша шаралар кешенін қолдану қажет деп санайды.
Ауданда 52 мыңға жуық отбасы тұрады, оның ішінде 5,4 мың– көп балалы.
Ауданда мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары тиімді жүзеге асырылуда. Алайда тұрғын үй алуға үлкен кезек болып тұр, бұл – 4292 адам.
Тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін «Nur Otan» партиясы:
2025 жылға дейін Өтеген батыр ауылында 72 пәтерлі 11 үйдің (74,8 мың шаршы метр) және үш 60 ппәтерлі тұрғын үйдің (12,8 мың шаршы метр) құрылысы;
Халықтың қаражаты есебінен ауданның барлық ауылында 1 мыңға жуық жеке меншік үйлер салу (658,6 мың шаршы метр);
инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету.
Бұл шаралар кезекте тұрған 1000-ға жуық отбасын немесе 3755 адамды баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін айта кетуге болады.