ҮМІТКЕРЛЕР ЧАПАЕВ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
2020 жылдың 12 желтоқсан күні Іле аудандық мәдениет үйінде аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Р.Абилова, С.Закиржанов, Б. Сарыбөпеев Чапаев ауылының тұрғындарымен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Кездесу санитарлық нормаға сай арақашықтық сақталып, бір реттік бетперде тағып, сақтық шаралары сақталды. Кездесуде үміткерлер ауыл тұрғындарын халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасауға бағытталған 2025 жылға дейінгі бағдарламамен таныстырды.
Кездесу барысында ауылдық округке қатысты бірнеше мәселе қозғалды. Соның ішінде атап өтерлігі, ауыл тұрғыны Ж.Копбаев қалада жұмыс істейтін ауыл тұрғындардың көп екенін айта келіп, «Жәпек батыр – Саяхат» бағытындағы маршрутты Чапаев ауылына дейін созуды ұсынды.
Үміткерлер ауданымызға қатынайтын қоғамдық көліктер «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарайтынын айтып, тиісті хат жолдап, ұсыныстың орындалуына ықпал ететіндерін атап айтты.
Сондай-ақ, кездесуде партия өкілдері тұрғындарды 10 қаңтардағы сайлауға белсенді қатысуға және «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырды.