Білімді ұрпақ-ұлт болашағы
Білімді ұрпақты қалай тәрбиелейміз деген ой әр ұстаздың көкейіндегі сұрақтардың бірі. Осы орайда ақын Міржақып Дулатовтың «Жалғыз сүйеніш,жалғыз үміт -оқуда …»деген сөздері бізге бағыт беріп тұр емеспе ? Білімді мыңды жығады деп те бекер айтылмаса керек,экономикасы дамыған ел болу үшін,ең бірінші кезекте білім сапасы мықты болуы керек.Осы бағытта білім саласында кешенді бағдарламалар жүзеге асырылуда. Еліміздің білім ошақтары оқытудың жаңартылған оқу бағдарламасына көшіп,дамыған елдердің озық тәжрибелі педагогтарының теориялық,практикалық методикаларын пайдалана отырып оқыту үрдісі өз нәтижесін беруде.Жаңартылған бағдарлама бойынша жұмысты ұйымдастыру қысқа мерзімді тегін курстары пандемия кезінде де қашықтықтан жүргізілуде.Бүгінгі жас маман- ертеңгі білікті ,білімді маман, тәжрибелі ұстаз болып қалыптасуы үшін барлық жағдай қарастырылған. Мектебімізде 11 әдістемелік бірлестік бар, әрбір пән мұғалімі кестеге сай штаттық,кезекші және қашықтықтан шәкірт бойына білім нәрін құюға барын салуда,сабақтың қызықты өтуіне де,қауіпсіздік шараларының сақталуына да мән беріп,үнемі қадағалап отырады.Басты назарда баланың бағдарламаға сәйкес білім алуы,интернет желісінің тұрақты жұмыс істеуі ,кері байланысқа уақытылы шығуы мектеп-оқушы-мұғалім арасында тығыз байланысты нығайтуға айтарлықтай үлес қосуда. Аудандық, аймақтық қашықтықтан өткізіліп жатырған іс шараларға да белсенділік танытып қатысып жүрген оқушыларымыз көп. Осы орайда барлық ұстаздар қауымына жас маман ретінде өз алғысымды айтқым келеді,сіздердің білім жолындағы еңбектеріңіз сарқылмасын, шәкірттеріңіз әманда биіктерден көрініп,жеңісті күндері көп болсын дегім келеді.
А. Шитенова
№21 орта мектеп тің технология пәні мұғалімі