Аудан жаңалықтарыДенсаулықҚоғамМерекелер

Ардақты мамандық иелері!

Құрметті ауданның медицина қызметкерлері!
Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Баршамызға белгілі қазіргі уақытта Қазақстан халқының денсаулығын жақсарту еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі болып отыр. ҚР денсаулық саласы барынша дамытылып, халыққа заман талабына сай сапалы әрі қолжетімді медициналық қызмет көрсету үшін барлық мүмкіндік жасалуда. Бұл орайда ақ желеңді абзал жандар адамның денсаулығын нығайту үшін аянбай еңбек етуде. Әсіресе дүниежүзілік пандемия жағдайында жұқпалы індетпен күреске қатысы бар медицина қызметкерлері жоғары патриоттық сезіммен, үлкен жауапкершілікпен, өмірлік тәжірибелері мен кәсіби біліктіліктерін пайдалана отырып еңбек етті. Маңызы бар мұндай жұмыста біздің аудандағы денсаулық саласының сарбаздары жоғары белсенділік танытты. Олар ай бойы уақытпен санаспай, үй көрмей күндіз-түні коронавирусқа шалдыққан адамдарды емдеумен айналысты. Талай рет бастарын қатерге тігіп, жұқпалы індетпен бетпе-бет келсе де олар қиындыққа өздерінің тәжірибелері мен білімдерін, күш-жігерін қарсы қоя білді. Қажырлы еңбектеріңізге аудан халқы дән риза. Денсаулық сақшылары ретінде сіздер әрдайым алдыңғы саптасыздар. Өйткені, сіздер ардақты да құрметті мамандық иелерісіздер.
Төл мерекелеріңізбен тағы да құттықтай отырып, өздеріңізге де мықты денсаулық тілеймін. Ауданның дәрігерлеріне, медбикелеріне, жалпы денсаулық сақтау жүйесінің барлық мамандарына жерлестерінің өмірі мен денсаулығына қамқорлық жасағандары үшін алғыс айтып, шексіз ризашылығымызды білдіреміз.
Қадірлі ақ желеңді абзал жандар! Сіздерге зор денсаулық, еңбекте табыс, отбасыларыңызға бақ-береке, ырыс-ынтымақ тілеймін!

Б. ҚАРАСАЕВ,
аудан әкімі, «Nur Otan» партиясы
Іле аудандық филиалының төрағасы

Басқа жаңалықтар

Back to top button