ДЕНСАУЛЫҒЫМЫЗ ӨЗІМІЗГЕ БАЙЛАНЫСТЫ
Баршамызға белгілі үстіміздегі жылдың ақпан айынан бастап Қазақстан халқына коронавирус індетіне қарсы «Спутник-V» вакцинасын егу басталған болатын. Алғашқы кезекте мемлекеттік қызметкерлерге, дәрігерлер мен мұғалімдерге екпе жасалынды. Ресей вакцинасының екі компонентін алған адамдардың 80-90 пайызының денсаулығының жақсарып, жұқпалы індетке қарсы имунитетінің күшейгені анықталып отыр.
Өтеген батыр кентіндегі аймақтық балалар ауруханасы жанында орналасқан вакцина орталығындағы ұзын-сонар кезек осыны дәлелдегендей. Тұрғындар өз денсаулықтары өз қолдарында екенін түсініп, екпе салдыруға асығып-ақ жатыр.
Бүгінгі таңда жеке кәсіппен айналысатын азаматтардың да екпе салдыруда белсенділігі жоғары. Өз қызметкерлерінің індетке қарсы екпе алуына барынша жағдай жасаған.
4 тамыздағы мәліметтерге сүйенсек, бүгінгі таңда 63 мың 520 адам вакцинаның 1 компонентін, ал 46 мың 229 адам 2 компонентін алып үлгерген.
Алдағы уақытта бұл көрсеткіштің өсе түсетіндігіне сенім мол. Жерлестеріміз екпе салдырмай, індетті жеңе алмайтындықтарын түсінген сыңайлы.
Өз тілшіміз