Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыДенсаулық

ДЕНСАУЛЫҚ БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ БАҚЫЛАУЫНДА

«Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалының «Денсаулық» бастауыш партия ұйымы 2012 жылдың 09 қаңтары құрылған.

«Денсаулық» бастауыш партия ұйымы өз жұмысын партияның бастауыш ұйымдары туралы ережелері негізінде және жыл сайынғы атқаратын жоспарға сәйкес әрекет етіп, өз қызметінде партия Жарғысы мен Бағдарламасын, жоғарғы партия органдарының шешімдерін, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті, партия төрағасы Н. Назарбаевтың, мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған Жолдауларын, партияның саяси доктринасын басшылыққа ала отырып жүргізіп келеді. Ұйымның бекітілген жылдық жоспарына сай партия жобалары бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді. «Nur Otan» партиясының кезекті ХVІІІ съезінде Партия Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың берген тапсырмалары – «Халыққа көмек», «Бақытты отбасы», «Ауыл – ел бесігі», «Құтты мекен» ұлттық жобаларын іске асыру бойынша бастауыш партия ұйымында, Энергетический ауылдық округінде, Іле ауданы бойынша түрлі шаралар ұйымдастырылып, «Денсаулық» ұйымының мүшелері атсалысады. «Бақытты отбасы» ұлттық жобасы аясында жастарды жұмыспен қамту, жас мамандардың кәсіби тұрғыдан маманданып жетілуі, олардың «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында көтерме ақыларын алып, тұрғынүймен қамтасыз етілуі тұрғысынан елеулі істер атқарылуда.

Ұйымның бекітілген жылдық жоспарына сай партия жобалары бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауында айтылғандай жаһандық бәсекеге қабілеттілікке ұмтылу тұрғысында ұжымызда шетелдік әріптестермен ынтымақтастық жақсы жолға қойылған. «Nur Otan» партиясы мен «Денсаулық» бастауыш партия ұйымының атқарған жұмыстары, қоғамымыздағы оң өзгерістер мен жетістіктер, ұлтаралық татулық пен бірлігіміздің жарастығы туралы бұқаралық ақпарат құралдарының мерзімді басылымдарына, әлеуметтік желілердегі парақшаларда тұрақты түрде жарияланып отырады. Партия мүшелері тарапынан партия мүшелерінің Әдеп кодексі мен партиялық тәртіпке байланысты ешқандай бұзушылықтар орын алған жоқ. 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының аясында мекеме қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу шараларын жүргізу мақсатында «Денсаулық» бастауыш партия ұйымында арнайы дайындалған көрнекі құралдар аурухана ғимаратының барлық қабаттарына ілінді, сыбайлас жемқорлыққа қатысты «Сенім телефондарын» насихаттаған бейнероликтер мекеме экрандарынан ұдайы көрсетіліп отырады. Медициналық көмек алушылар сыбайлас жемқорлық фактілеріне кезіккен жағдайда хабарласуына болатын Call-орталық нөмерлері жұмыс істейді. Аурухананың пациенттерді қолдау бұрышында «Арыз-шағымдар» жәшігі орналасқан, кез келген азамат өз арыз-шағымдарын жария түрде жасай алады. Партия мүшелерімен сыбайлас жемқорлыққа байланысты ұдайы кеңес өткізіледі. 2020 жылы мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қатысты орын алған факторлары болмады. Денсаулық сақтау мекемесі болғандықтан, көрсетілетін медициналық көмек Қазақстан Республикасының қабылданған заңнамалары мен құжаттарына сәйкес жүргізіледі. 2020 жылы Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан жүргізіліп отырған «Электронды денсаулық» жүйесіне байланысты медициналық көмек көрсету барысында сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмауға, адами факторларды азайтуға байланысты цифрландыру жүйесі жүргізіліп келеді. Аурухана да осы электронды денсаулық цифрлық жүйесіне қосылғандықтан, еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатын қолдау, дамыту, оны жүзеге асыру болып табылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button