АУЫЛҒА КЕЛ, ЖАС МАМАН
Мемлекеттік сектордың басталған реформаларына негізделе отырып, Қазақстан мемлекеттік басқарудың сапалы жаңа үлгісін орнатуда, ондағы мемлекеттік басқаруды қалыптастыру процесінің басты бағыттарының бірі мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін қалыптастыру және дамыту болып келеді.
Жас мамандарға «Дипломмен – ауылға» жобасында көзделген әлеуметтік қолдауды бірінші кезекте алу құқығын беруге қатысты. Ауылдық елдiмекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шiлдедегi (бұдан әрі — Заң). «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі (бұдан әрі — мемлекеттік қызметтер туралы заң) заңдарына және 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес әзiрленіп. Сонымен қатар, Ұлттық экономика министрінің 2020 жылдың 30 қыркүйектегі №72 бұйрығымен мынандай редакциялармен өзгертілді: Ауылдық елдiмекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, қосымша ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидасын бекіту туралы өзеріс енгізілді. Аталған нормативтік-құқықтық актілердің негізінде мамандарға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар), бюджет қаражаты есебінен көтерме жәрдемақы беру және тұрғын үй сатып алуға әлеуметтiк қолдау көрсету тәртiбi айқындалған. Көтерме жәрдемақы (100 айлық есептік көрсеткіш – 291700 теңге) және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау (1500 айлық есептік көрсеткіш – 4375500 теңге) көрсетіледі.
Бағдарламаның басты мақсаты – ауылды аймақтарды қажетті әлеуметтік сала бойынша мамандармен қамтамасыз ету. Ауылдың әлеуетін арттыру үшін құрылған бұл жоба елімізде 2009 жылдан басталып, бүгінгі күні ауыл-аймақтарда орналасқан өңірлерді қажетті мамандармен қамтамасыз етуде үлкен рөл атқарып келеді. Кадр тапшылығы деген мәселені шешуге зор үлесін қосуда.
Ұлттық экономика министрінің 2020 жылдың 30 қыркүйектегі №72 бұйрығының 6 тармақшасына сәйкес, Іле ауданының 2021 жылғы 12 қаңтарындағы №7 2021 жылға денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері бойынша сұранысқа ие мамандақтардың тізбесі қалыптастырылып, аудандық сайтқа және Халыққа қызмет көрсету орталықтарына орналастырылды.
Әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылған маман ауылдық елдімекенде кемінде үш жыл жұмыс істеуге міндеттеме алады.
Көрсетілетін қызметті алушыларға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит беру тиісті қаржы жылына арналған міндетемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес бөлінген сома шегінде жүзеге асырылады.
2009-2020 жылдар аралығында көтерме жәрдемақы алған мамандардың саны – 766, жалпы сомасы – 119 млн.10 мың теңге. Оның ішінде: 512 маман білім беру саласынан, жалпы сомасы – 82 млн.373 мың теңге; 234 маман денсаулық сақтау саласынан, жалпы сомасы – 33 млн. 929 мың теңге; 3 маман әлеуметтік қамсыздандыру саласынан, жалпы сомасы – 294,7 мың теңге; 6 маман мәдениет саласынан, жалпы сомасы – 653,7 мың теңге; 1 маман спорт саласынан, жалпы сомасы – 168,4 мың теңге; 10 маман агроөнеркәсіп кешені саласынан, жалпы сомасы – 1 млн. 591 мың теңге.
2011-2020 жылдар аралығында тұрғын үй сатып алуға бюджеттiк кредит алған мамандардың саны – 280, жалпы сомасы – 892 млн. 340 мың теңге. Оның ішінде: 180 маман білім беру саласынан, жалпы сомасы – 566 млн. 829 мың теңге; 92 маман денсаулық сақтау саласынан, жалпы сомасы – 300 млн. 372 мың теңге; 1 маман әлеуметтік қамсыздандыру саласынан, жалпы сомасы – 2 млн. 427 мың теңге; 3 маман мәдениет саласынан, жалпы сомасы – 7 млн. 939 мың теңге; 1 маман спорт саласынан, жалпы сомасы – 3 млн. 607 мың теңге; 3 маман агроөнеркәсіп кешені саласынан, жалпы сомасы – 11 млн. 136 мың теңге. Қазіргі таңда мерзімінен бұрын 34 маман толықтай бюджеттік кредитті жапты.
Ағымдағы жылы 190 маманға 55 млн. 423 мың теңге көтерме жәрдемақы жоспарланып, бүгінгі таңда нақты 70 маман 20 млн. 413 мың теңге көтерме жәрдемақы алды.
Ал тұрғын-үй сатып алуға бюджеттік кредитке 28 маман — 122 млн. 514 мың теңге жоспарланып, толығымен алды.
2020 жылдың маусым айынан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы №43 бұйрығы негізінде, сұранысқа ие мамандақтардың тізбесі бойынша мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы қабылдануда. Кезекте тұрған мамандар әкімдіктің қаулысы негізінде кезекке қойылады.
Бүгінде мемлекеттің тарапынан осы бағдарламаның көмегімен ауданға жұмыс істеу үшін және тұру үшін келген мамандар баспаналы болып, бір рет берілетін жәрдемақы алып, отбасын құрып ауданымызда тұрақты жұмыс істеуде.
Сонымен қатар, ауданның Алматы қаласына жақын болуы және жылжымайтын мүлік бағасының жоғары болуы, жас мамандарға берілген бюджеттік несиелер тұрғын үй сатып алуға жеткіліксіз, яғни олар сатып алынған тұрғын үй құнының тек 40 пайызын ғана жабады.
Жалпы «Дипломмен ауылға» жобасы белсенді іске асырылып, Үкіметтің тұрақты бақылауында. Бұл жобада мамандарға жүктелер үміт үлкен, сенім мол және де оны ақтауы парыз. Бұл жастар қауымының елімізді дамытуда үлкен зор үлес қоспақ. Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихында жастардың ойып тұрып орын алуға тамаша мүмкіндік.
Қазақстанның болашағы – жастардың қолында. Осы орайда біз, Қазақстанның жас және еркін азаматтары, қуатты, гүлденген ел құра отырып, келешек Қазақстанды әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарынан көрсек дейміз.
Қорытындылай келе жастарға айтарымыз, мемлекет тарапынан осындай көмекті пайдаланып оқу орнын бітіріп, мамандық иесі болып, біздің ауданымызға келіп жұмыс жасаңыздар! Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына және көркеюіне атсалысыңыздар демекпіз!
Г. ЕСТЕУСІЗОВА,
Іле ауданынының экономика
және бюджеттік жоспарлау
бөлімінің басшысы