Ауданда ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап халық санағы жүргізілуде және 30 қазанға дейін жалғасады
Санақ «Қазақстанда әркім маңызды!» ұраны аясында ұйымдастырылуда. Санақты өткізу процесін автоматтандыру және оған заманауи сандық технологияларды енгізу – 2021 жылдың Ұлттық санағының басты жаңалығы болды.
Биыл азаматтарға сауалнама парақтарын онлайн режимінде өз бетінше толтыру немесе үй-үйді аралау кезінде офлайн толтыру мүмкіндіктері ұсынылуда.
1 қыркүйектен бастап халық санағы онлайн-режимде sanag.gov.kz арнайы сайты жұмыс істеуде, 15 қазанда жұмысын аяқтайды, ары қарай жалпы үй аралау жұмысы жүргізіледі.
Дәстүрлі жалпы үй аралау ағымдағы жылдың 1 қазанында басталды, 30 қазанда аяқталады. Ол белгіленген мерзім ішінде санақтан онлайн-режимде өтпеген респонденттер арасында ЖСН-ін енгізе отырып, электронды планшеттерді пайдалану арқылы интервьюерлермен жүргізілуде.
Мемлекетіміздің Конституциясына сәйкес азаматтардың барлық жеке мәліметтерінің құпиялылығы сақталады.
Санақ жүргізетін интервьюлерде аумақтық статистика органының қолы қойылған және мөрі басылған, фотосуреті бар, аты-жөні жазылған, берілген күні мен қолданылу мерзімі көрсетілген интервьюер куәлігі болады. Халық санағының символикасы бар көк түсті шарфтары, қолдарында халық санағының символикасы бар көк түсті портфельдері болады.
Ұлттық санақ жүргізу кезінде барлығы 91 сұрақ қойылады, оның 71-сі негізгі және 20-сы нақтылаушы.
Кұрметті аудан тұрғындары! Ұлттық халық санағына белсенді қатысуларыңызды сұраймыз. «Қазақстанда әркім маңызды!».
В районе с 1 сентября идет перепись населения и будет продолжена по 30 октября 2021 года.
Она проходит под девизом «В Казахстане каждый важен!». Главными новшествами переписи является внедрение современных цифровых технологий и автоматизация процесса.
В текущем году гражданам предоставлена возможность заполнить опросные листы самостоятельно в режиме онлайн, либо в традиционной форме при подворном обходе.
С 1 сентября в онлайн-режиме работает специальный сайт sanag.gov.kz, который завершит работу 15 октября.
Традиционный сплошной подомовой обход начался с 1 октября и завершится 30 октября. Он идет среди тех респондентов, которые не прошли перепись в онлайн-режиме, при этом интервьюерами используются электронные планшеты и ИИН опрашиваемого лица.
Все личные сведения граждан – конфиденциальны, согласно Конституции страны, и не могут быть использованы против респондента никоим образом.
Интервьюеров можно будет узнать по внешним атрибутам, это шарф и портфель синего цвета с символикой переписи населения, также каждый работник должен предъявить служебное удостоверение, которое содержит фотографию интервьюера, фамилию, имя, отчество, номер и дату выдачи и срок действия удостоверения, также подпись и печать территориального подразделения статистики.
При проведении Национальной переписи гражданам будет задано 91 вопросов, из них 71 основных и 20 уточняющих.
Уважаемые жители района, убедительно просим активно участвовать в переписи населения. В Казахстане каждый важен!