Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыЗнай нашихҚоғам

Ауданымызда тағы бір жас құтқарушылар кадет сыныбы ашылды

Ағымдағы жылдың 15 қазанында құтқарушы күні қарсаңында Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр ауылында «Жас өрт сөндіруші» кадет сыныбының салтанатты ашылуы өтті. 19 қазан — құтқарушылардың кәсіби мерекесі, азаматтық қорғау жүйесінің ардагерлері мен Төтенше жағдайлар министрлігінің барлық қызметкерлерінің мерекесі. Биыл Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жүйесіне 26 жыл толады.

2019 жылдан бастап Өтеген батыр ауыныдағы №7 орта мектепте Жас құтқарушылардың екі кадет сыныбы ашылды. Бүгін құтқарушылар күні қарсаңында Өтеген батыр кенті №13 орта мектебінде Жас өрт сөндірушілердің үшінші кадет сыныбының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Алматы облысы ТЖД бастығының орынбасары, Іле ауданы әкімінің орынбасары Қасенов Марлен Маратұлы, кадет сыныбының демеушілері болып табылатын «ЛУКОЙЛ» компаниясының өкілдері, волонтерлер, ата-аналар және №13 орта мектеп ұжымы қатысты.

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері төтенше жағдайлар кезіндегі тәртіп ережелері бойынша өскелең ұрпақпен мақсатты жұмыс жүргізуде. Оның мақсаты ерте жастан бастап балаларда өмір  қауіпсіздігі дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

Іс-шара барысында кадеттер құтқарушылар күніне орай концерт ұйымдастырды, саптық дайындық дағдыларын көрсетті. Іле ауданының ТЖБ қызметкерлері құтқарушылар мен арнайы техниканың көрсетілімдерін қойды. Түрлі төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша бірлескен профилактикалық жұмыстары үшін волонтерлерге грамоталар табысталды.

Алматы — Қазақстанда мұндай тәжірибені енгізген алғашқы облыс екенін атап өткіміз келеді. Бұл азаматтық қорғау жүйесін құру және дамыту тарихына енетін тағы бір жаңа леп. Мектеп қабырғасынан бастап балалар өз тағдырларын игі іспен байланыстыруды шешкендері қуанышты. Өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру өзекті міндеттердің бірі болып табылады. Сонымен қатар, мұндай жұмысты ерте жастан бастап балалармен жүргізу өте маңызды. Өз кезегінде Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті оқыту процесін ұйымдастыру үшін жан-жақты қолдау көрсете отырып, осы жұмысты жалғастыратын болады.

Ербол АХМЕТ

Басқа жаңалықтар

Back to top button