Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыДін және қоғам

Экстремизмге қарсымыз!

Еліміз егемендікке қол жеткізгелі жиырма жылдан астам уақыттың жүзіболды. Осы жылдар аралығында мемлекетіміздің барлық салаларында терең, әрі түбегейлі өзгерістер орыналды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіз ел болып еңсесін тіктей бастады. Халықаралық деңгейде әлемнің алпауыт мемлекеттерімен бәсекелес бола алатын қабілеттілігін көрсетті. Әсіресе, тарих қойнауында жатқан рухани мұрамыз қайта жаңғырып, өзінің лайықты орнын тапты. Десек те, бүгінгі қоғамда алаңдататарлық келеңсіз мәселелер де жоқ емес. Солардың бірі – мемлекетіміздің діни ахуалы.

Сөз соңында айтарымыз, қазақ халқы бірлік пен ынтымақтың маңыздылығын жете түсінген. Олай болса, бабаларымыздың «Алтау ала болса – ауыздағы кетер, төртеу түгел болса – төбедегі келер», — деген ұлағатты сөздерін алға тарта отырып, дінаралық татулық пен ауызбіршілікте өмір сүру үшін ұлттың салт-санасымен біте қайнасқан дәстүрлі Ислам дінін дұрыс насихаттап, құлшылық пен ғибадат мәселесінде Ханафи мәзһабын, ал сенімде – Матуриди, яғни «сүннет жұрты және жамағаты» мектебін бекем ұстанайық. Алла Тағала халқымызға амандық бергей. Еліміз бейбіт күн кешіп, мемлекетіміздің Тәуелсіздігін баянды еткей.  

Г.Жетеуова

 «№9 орта мектеп» МКМ

 директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Басқа жаңалықтар

Back to top button