#Qazaqstan30Алматы облысының жаңалықтарыҚоғамМерекелерТұлға

«ЕЛ ТІРЕГІ – ЕЛБАСЫ»

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Сіздерді «1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн – барша отандастарымызды ынтымақ пен бірлікке бастайтын, біздің тарихымыздың жаңа ақ парағы ашылған күн. Тəуелсіздікті тұғырына қондырған, елді ерлікке жеткізген Ұлт Көшбасшысы 1 желтоқсанда ел тізгінін ұстады. Елбасымыздың елімізді аяғынан нық тұрғызып, əлемге танытудағы еңбегі ұшан-теңіз. Егемендігіміздің арқасында тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз қайта оралып, мемлекетіміздің ұлттық рəміздері қабылданды. Міне, халық сайлаған Елбасы əрқашан осындай жарқын істердің шыңынан табылып отырды. Қазақстан өз Тəуелсіздігін жариялап, егемендік алғаннан бері де отыз жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында Қазақстанды барша əлем таныды. Əлемдегі жоғары дамыған өркениетті мемлекеттермен тəуелсіз Қазақстан терезесі тең, беделі жоғары, болашағы зор мемлекет болып қалыптасты. Мəдениетіміз, өнеріміз, экономикамыз, білім мен ғылымымызбен өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылдық деп барша қазақстандықтар сияқты ілеліктер де мақтанышпен айта алады. Елбасының сарабдал саясатының арқасында осынау ұлы көшпен ілесе ауданымыз да дамып, халықтың əл-ауқаты артты.

«Елі еріне, ері еліне» сенген еліміз бен Елбасымыздың мəртебесі əлем елдері алдында мəңгілік биіктей берсін! Мемлекеттілік тарихымыздың мерейлі мерекесі — Тұңғыш Президент күні құтты болсын! Баршаңызға мерекелік көңіл-күй, жанұялық бақыт, игілік, табыс тілеймін!

Еліміз індеттен дін аман өтіп, жаймашуақ арқа-жарқа болатын күнге жетейік.

Б. ҚАРАСАЕВ,

аудан әкімі, «Nur Otan» партиясы

аудандық филиалының  төрағасы

Басқа жаңалықтар

Back to top button