Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыЗаң және бізҚоғам

СОТ РЕФОРМАСЫНА КЕРЕГІ – СУДЬЯЛАРДЫҢ ӘДІЛДІГІ

Сот жүйесіне реформа жасай отырып, қайта жаңғыруды талап етеді. Кеше Президентіміз «Хабар» арнасына берген «Азаматтарымыздың құқығы бұзылмайды» сұхбатында сот жүйесі туралы: «Сот жүйесіне алаңдаушылық білдіріп отырғаным рас. Қазіргі кезде реформа жүргізіліп жатыр» — дей келе, судьялардың қазіргі жағдайы, сапалы сот процесін өткізу туралы және олардың біліктілігі жайында сөз қозғады. Біздің ақсап жатқан тұсымыз да осы. Кейбір әріптестеріміз өз қызметін асыра пайдаланып, парамен  ұсталып жатқанын ақпарат құралдарынан естіп, көріп  жүрсіздер. Сондықтан басшымыз  кәсіби судьялардың құрамына  өзгеріс енгізуді талап етіп отыр. Судьяларды іріктеу кезінде шешуші рөл атқаруды тапсырды. Біздің алдымызға келген әрбір арыздың иесі адалдық пен әділ шешімді күтеді.  Шешім шұбарланып, «бармақ басты, көз қыстымен» шешіліп жатса, ертең ол іс айналып тағы сот процесіне ілінеді. Міне, осылай істі болған азаматтардың бір дауы екеу болып, жұрттың ашуын тудырады. Егер жаңа Қазақстанның келешегінің кемел болғанын қаласақ, сот жүйесінің халық мүддесімен санаса отырып қайта құрылғаны жөн деп ойлаймын. Болашақта азаматтарымыздың құқығы жерге тапталмауын  қадағалайтын сенімді құзырлы органға айналауымыз керек. Ата заңымыздың алдында әділ сотымыздың барлық жүйелері реформаланса екен. 

Тоқсан ауыз сөздің түйіні, судьялық корпусқа тек кәсіби судьялар жіберілсе және Жоғарғы Сот кеңесінің мәртебесі біршама күшейтілсе екен деймін.

Дариға ТАРАП,

Іле аудандық сотының судьясы

Басқа жаңалықтар

Back to top button