Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБілім және ғылым

Ілияс атаға арнау

Бойға берген нығметке білдіретін қанағат,

Алла берген ризықты отыратын бағалап.

Жаны жомарт,көңілі пәк, сөзі өтімді,салмақты

Ассаламуағалейкум қадірменді жамағат!


Сайыс десе, сын десе оттай лаулап жанамын,

Поэзия дегенге жаны құмар баламын.

Арнау арнап,сыр шертер Дүлдүлдерін қазақтың

Бағалайтын сын болса,қалай қалыс қаламын?

Поэзия дегенде ғажап ойға бөлендім,

Өлең жазып тек қана жақсылыққа кенелдім.

Міне тағы тамаша өлең шықты жанымнан

Жырға қосып жырладым құлагерін өлеңнің.

Жансүгіров Ілияс асқан талант иесі

Жағылмаған атына ешбір жанның күйесі.

Мінезі ауыр, байсалды, сөзі жатық, жүйелі

Мен жырлаған мықтының сипаттайтын күйі осы

Асқан ерен жүйрігі жан тербеген өлеңнің

Бұл кісіге бой түзеп келеді ғой теңелгім.

Маржан сөздің иесі, ақыны ұлы қазақтың

Болса егер Ілиястай болсын ақын дегенмін.

Поэмасы сайрайды «Әнші», «Күйші», «Құлагер»

Теңдесі жоқ шығарма, оған бәрі куәгер.

Үлес қосып қорғаған өз ұлтының мүддесін

Бағалаған әрқашан ел есінде тұрады ер!


Бүгін сайыс басқаша көрсетпеймін жат қылық,

Өлең деген жақұтты берген маған бақ қылып.

Ілияс ата қалдырған ізгі жолды мінекей

Жалғаймыз деп кеп тұрған баршаңызға сәттілік!

Шаукен Ерасыл

«№ 39 гимназия мектепке дейінгі шағын орталығымен»
МКМ, 9 сынып оқушысы

Басқа жаңалықтар

Back to top button