Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтары

БАС ПРОКУРАТУРА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСТЫ ҮНДЕУ ЖАРИЯЛАДЫ

5 маусымда Конституцияға өзгерістер мен толықтыруларды қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдум өткізіледі.

4 маусым күні сағат 00:00-де референдум алдындағы үгіт жүргізу аяқталады.

Екі немесе одан да көп рет не басқа біреу үшін дауыс беру немесе учаскелік референдум комиссиясы мүшесінің азаматтарға басқа адамдар үшін дауыс беруге мүмкіндік беру мақсатында дауыс беруге арналған бюллетеньдерді беру Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 108 және 110-баптары бойынша заңбұзушылық болып есептеледі.

Бас прокуратура азаматтарды, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарын қолданыстағы заңнаманы қатаң сақтауға шақырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button