Аудан жаңалықтарыБасты ақпаратҚоғамТұлға

Жастарымыз жұмыссыз қалмас

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы тыңдадым. Парламент палаталарының бірлескен отырысына ресми тұлғалармен қатар азаматтық қоғам өкілдері де қатысты.

Ал Жолдаудың негізгі бөлігі елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналды. Оның ішінде жастарды да тілге тиек етті.  

Жастарға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі. Еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жасқа жұмыс беруіміз керек.

Жастардың кәсіпкерлік бастама-ларына қолдау көрсетіле бермек. Оларға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі. Бұл шаралар қоғамның барынша үйлесімді әрі әділетті болуына ықпал етеді», — деді Мемлекет басшысы.

Бұл шаралар қоғамның барынша үйлесімді әрі әділетті болуына ықпал етеді». Бұл біздің 50 000-нан астам жастары бар аудан үшін бір кәсіпті бастау үлкен мүмкіндік болар еді.

Бүкіл елдің алдында жастардың қамын ойлаған Мемлекет басшыныа алғысымыз шексіз.

Бауыржан СӘРСЕНБАЕВ,

Іле ауданы жастар ресурстық орталығының жетекшісі

Басқа жаңалықтар

Back to top button