Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыЗаң және бізҚоғамТұлға

Екі қолға бір күрек. Жұмыс табылады

ЖӘРМЕҢКЕ

Өткен аптада Өтеген батыр ауылында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Іле ауданының Жұмыспен қамту бөлімі жәрмеңкені Өтеген батыр ауылының орталығындағы Арбатта өткізді. Жұрттың демалуы үшін арнайы дизайнмен сәнделген арбатта өткізу ұйымдастырушылардың арнайы таңдалды. Онда адам көп жүреді және таза ауада қарым-қатынас қалыпты өтеді.

«Бос жұмыс орны» жәрмеңкесіне аудан әкімдігінің, прокуратураның, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, халықты жұмыспен қамту орталығының, Жастар ресурстық орталығының, пробация қызметінің және сот орындаушыларының өкілдері қатысты

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің ұйымдастырылуымен Алматы облысы бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Айгүл Ахметова ауданымызға ат басын бұрып, жәрмеңкеде жұмыс беруші мекемелермен танысты.

Іс-шараға барлығы 350 адам қатысты. Олардың ішінде жұмыссыз жастар, про-бациялық бақылауда тұрған мүгедектер, жұмыс іздеп жүрген азаматтар, отбасына алимент төлеу үшін ажырасқан ер адамдар, бас бостандығынан айыру орындарынан шыққандар, сондай-ақ жұмыс тәжірибесі жоқ жастар бар.

«Бұл аудиторияға не ұсынылды?» – деген заңды сұраққа жауап іздеп көрейік.  70 жұмыс беруші қазіргі уақытта бос жұмыс орындары бойынша 700-ден астам позиция қойды. Жәрмеңкеге 30 кәсіпорын тікелей қатысып, өз өкілдерін жіберді. Олардың ішінде білім беру, денсаулық сақтау мекемелері, «Ремстройтехника», «Шин Лайн», «Райымбек Агро», «Рига Pak», «Qazaq Glass Company», «Galans Botlers», «Медиатекс-Н», «Green Service», «РСУ-Н» акционерлік қоғамдары мен серіктестіктері бар. «№1 сыра зауыты», «Қараой», «Paknar», «Первомайские деликатесы», «Берикап Казахстан», «Волковгеология» және басқа бос жұмыс орнын ұсынушы мекемелер болды. Жұмыс іздеушілер алғашқы танысу кезеңінен өтуге және бос лауазымға қабылдау мүмкіндігіне ие болды.

Іле аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Айбек Рахымбаевтың айтуынша, жұмыс орындарына қатысатын үміткерлер арасында мемлекет тарапынан қолдау шаралары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 2022 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жобалық басқару жүйесін енгізе отырып, «Еңбек 2021-2025 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасы кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға қайта форматталды.

Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы шеңберінде қоғамдық жұмыстарды, әлеуметтік жұмыс орындарын (бірінші жұмыс орны, ұрпақтар келісімшарты, күміс жас), жастар практикасын ұйымдастыру, кәсіптік оқытуды оқыту, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқыту және жаңа бизнес-идеяларды іс-ке асыру үшін гранттар беру көзделген. Осы жәрмеңке бойынша 85 адам жұмысқа шақырылды, оның ішінде 78 адам тұрақты жұмысқа шақырылды, 4 адам өз бизнесін ашқысы келетіндерге тіркелді, 3 адам «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында жұмыс істемекші.

Б. ЧОЙБАСОВ

Басқа жаңалықтар

Back to top button