Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтары

Бүгінгі күннің маңызы


Бүгін қазақ әдебиеті мен руханиятына өлшеусіз үлес қосқан үш бірдей Бірегейдің туған күні. Мұхтар Әуезов 125 жасқа, Шерхан Мұртаза 90 жасқа толса , Оралхан Бөкей 79 жасқа толуда. Жаратылыстану бағытындағы біздің сыныптың қазақ әдебиеті пәнінен бүгінгі өтіп жатқан тақырып: Оралхан Бөкейдің «Атау кере» повесі еді. Мерейтолармен астастырып өткен сабақ барысында Әуезов пен Шерхан Мұртазаның қазақ қоғамына сыйлаған еңбектерімен жете танысып, келесі жылы 80 жастық мерейтойы тойланатын Өр Алтайдың Кербұғысы атанған классик жазушы Оралхан Бөкейдің шығармаларын тереңнен талдап, Қатон-Қарағай, Мұзтау, Шыңғыстайға қиялмен саяхат жасадық.
Әдебиет тарихындағы атаулы күннен алған әсерім шексіз.

Айғаным Кабулова
Жаңаталап ауылы,
№ 25 орта мектептің
11 а сынып оқушыс
ы

Басқа жаңалықтар

Back to top button