Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБасты ақпаратЗнай нашихҚоғамТұлға

ӨМІРІМ ӨТЕДІ ӨНЕРДІ ТАСҚА ҚАШАП

Ұлттық рухымызды көтеріп, ұлттық өнерді насихаттауда, балаларды дамытуда аудан мектептерінде домбыраның орны ерекше. Қазіргі таңда баланың алуан түрлі өнерге бет бұруына мүмкіндік жетіп артылады. Түрлі аспаптарда ойнау, өзін-өзі дамытудағы жаттығулар – баланың тұлғалық тұрғыда ерекше болып қалыптасуына әсер етеді.

Міне, осы тұста біз ұлттық өнерді дәріптеп жүрген білікті музыка пәнінің ұстаздарына бет бұрамыз. Ауданымызда тұрғындары тығыз орыналасқан Ащыбұлақ ауылдық округі, Төле би ауылындағы №37 орта мектептің музыка пәнінің мұғалімі, «Арман» шығармашылықты дамыту орталығының жетекшісі Айнұр Әсейінқызы Әзілханованың ұстаздық жолымен және шәкірттерін ұлттық аспапта тәрбиелеудегі еңбегімен танысатын боламыз.

Айнұр Әсейінқызы, балаларды қай жылдан бастап өнерге баулып келесіз?

– 2021 жылдың қаңтар айынан бастап, Төле би ауылында №37 орта мектепте ауыл балаларын музыкаға баулудамын. Қазір әр сыныптан оқушылар сұранып келіп жатыр. Мен ұлттық аспапта ойнауды ғана емес, сонымен қатар вокалдан да тәлім беремін. Қазіргі күні шәкірттерім республикалық конкурстарда жүлделі орындарға ие болып жүр. Аз уақыттың ішінде сапалы ауқымды жұмыстарды атқардық. Қазақта «Талаптыға нұр жауар» — деген қанатты сөз бар ол дәл біздің балалрға арналғандай.

Домбыра тартуды кез келген бала үйрене ала ма? Әлде, икемділік қажет пе?

– Жалпы домбыраны кез келген бала үйреніп кете алады. Ал әнді, оның ішінде дәстүрлі әнді кез келген адам айта алмайды. Негізі біздің халық өте талантты болып келеді. Мысалы, домбыраны кез келген бала үйреніп кете алады, біріншіден әрине музыкалық қабілетпен бірге ынтасы, қызығушылығы болуы керек, екіншіден мұғалімнің үйрету шеберлігіне байланысты.

– Балаға музыка қай қырынан әсер етеді. Мәселен, сурет салу баланың ойын дамытуға әсері бар деген сияқты.

– Домбыра тартқан бала, біріншіден, ұлтжанды болып өседі. Домбыраны жақсы көру, үнін тыңдау, қазақтың әнін, жырын үйрену арқылы баланың бойында ұлттық рух пайда болады. Өнерді сүйген бала – өмірді сүйеді, әсемдікке ұмтылады.

Домбыра тартуды үйренуге қанша уақыт керек. Ережесі бар ма?

– Иә, әрине домбыра үйрену ең бірінші адамның қызығушылығына және қабылетіне байланысты. Музыкалық қабілеті жақсы адамдар тез үйреніп кете алады. Мен бір күннің өзінде 2 әнді үйрентін едім. Сол сияқты Құдайдан берілетін қабілет болады. Біздің оқушыларымыз да солай 2-3 сабақта бір шығармадан жаттайды. Бір айда 4-5 өлең жаттаса керемет емес пе?!

Баланы неше жастан қабылдайсыздар?

– Негізінде үйренем деушілерге жасына шек қоймаймыз. Ынтасымен еңбектеуіне байланысты. Кейбір шәкірттерімнің дауыстары зор, тіпті жаттау қабылеттеріне таң қаласыз. Жастық шақта алған білім тасқа қашағанмен бірдей ғой. Терме-толғауларды үйреніп, жаттап алды.

– Өзіңіз жетекшілік етіп отырған «Арман» шығармашылықты дамыту орталығының жетістіктері туралы айтып өтсеңіз.

– Биыл орталығымыздың құрылғанына 1 жыл толады. Орталықтың директоры ауылымыздың жанашыры, қазақ өнерін дамытуға атсалысып жүрген белсенді азаматымыз Жанар Тұрғынбаева. «Арман» шығармашылықты дамыту орталығы тек вокалмен ұлттық аспаптармен ойнап үйренуден басқа ағашқа ою салу, қолөнер, өлкетану сияқты бөлімдер жұмыс жасайды, Мен жетекшісі боламын. Біз осы аралықта өзімізді танып білдік, қандай бағытта жұмыс жасайтынымызды анықтадық. Нәтижелері өте жақсы. «VIVA ASTANA-2022» халықаралық конкурсының бірін-ші орын иегері, І дәрежелі лауреаты, «ART STARS» республикалық балалар фестивалінің үздігі, «Сайра бұлбұл» республикалық ән-би, жыр-күй жастармен жасөспірім балалар байқауында арнайы дипломға ие болды, «Алатау шыңы» I республикалық балалар мен жасөспірімдер және жас ұстаздар шығармашылық конкурсының бас жүлдесі, «Fantastic talent» байқауынан бірінші орын, «FEST КӨКТЕМ» халықаралық жас өнерпаздар арасындағы байқауынан бас жүлдені жеңіп алды. Шәкірттерімнің әр қайсысы өнерлі. Өмірімді өнерге арнап, жас таланттың бойына құйып жатқаныма разымын. Мені қолдап жүрген директорымыз Жанар Тұрғынбаеваға, ата-аналарға, №37 орта мектеп ұжымына айтар алғысым шексіз. Біз әлі ұлттық өнердің биік шыңын бірге бағындырамыз деген сенімдемін.

– Сұхбатыңызға рахмет

Б. ЧОЙБАСОВ

***

Қожахметова Нұргүл, ата-ана: Саржан Мансурдың анасымын. Ұлым барып, қатысып жүрген «Арман» шығармашылықты дамыту орталығындағы вокал үйірмесі Төле би ауылында, №37 орта мектепте өтеді. Ата-ана ретінде, осы үйірменің біздің ауылдан ашылғанына өте қуаныштымын. Баланың жетістігі әр ата-ана үшін үлкен қуаныш, үлкен бақыт. Вокал үйірмесінде ұлым ән айтуды үйреніп, республикалық, халықаралық конкурстарға қатысып, орындар алып, жетістіктерге жетті.   Баламның  жетістіктерін мақтан тұтамын. Вокал үйірмесінің жетекшісі Айнұр Әсейінқызына алғысым шексіз. Ұлымның осындай ұстазы болғанына қатты қуанамын. Тілерім – шығармашылық жетістіктеріңіз көп болсын, еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз.

Тургунбаева Жанар Аманжолқызы Орталық басшысы:  «ARMAN»  шығармашылықты  дамы-ту орталығы қызметін 2022 жылдың қаңтар айынан бастап «Артспорт» мемлекеттік спорт және шығармашылық тапсырыстарды жан басына шаққандағы нормативтік қар-жыландыру платформасында мемлекет тарапынан өзіне қойылған талаптарға сәйкес орындап келеді. Орталық ашқан домбыра, эстрада вокалы, көркем оқу, тоқыма, өлкетану үйірмелері оқушылардың шығармашылығын, өнертапқыштығын дамытуға зор үлесін қосуда. Оқушылар өздері қызығатын үйірмені таңдап, арнаулы бағдарлама негізінде жасалған жоспар бойынша тәлім алуда. Орталық ұстаздарының үйірме оқытушыларына бағыт-бағдар беріп, оларды ынталандырып, өнерге деген қызығушылын оята алуының нәтижесінде олар бірнеше байқауда жүлделі орындарға ие болды. Үйірмелердің оқушыларға берері мол. Үйірме ұстаздары әрбір оқушының қабілетін, дарынын шыңдап қоймай, олардың кәсіби бағдар алуына сеп болуда. Орталықта баланың дамуына барлық жағдай жасалған. Сондай-ақ орталық оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, жан-жақты дамыту мақсатында оларды түрлі жәрмеңкелерге апарып, шағын концерттік бағдарламалар ұйымдастыруда. Үйренемін, білімімді шыңдаймын деген ниет болса болғаны. Алдағы уақытта “ARMAN” шығармашылықты дамыту орталығындағы үйірмелер саны артып, мекеме осылай ауылдардағы өскелең ұрпақтың өнерге, білімге деген құштарлығын арттыра береді деген үміттеміз.

***

Ихласова Лидия, ата-ана: Сейсенбек Каусардың анасымын, қызым мектепке тегін ашылган үйірмеге қатысып, жаксы жетістіктерге жетіп жатыр. Үйірме дами берсін. Жетекшісі Айнұр Әсейінқызына алғысымды білдіремін. Біздің балаларымызды үлкен жетістіктерге жеткізді, тек биіктерде көрінсін.

***

Сағыныш Қуанышқызы, шәкірті: Мен «Арман шығармашылық орталығына» домбыра үйірмесіне қатысып жүрмін.

Қатысқаныма көп уақыт болмаса да осы уақытқа дейін Айнур апайымың арқасында көптеген жетістіктерге жеттім! Осы орайда Айнур апайыма шексіз, алғысымды айтамын! «Ұстазы мықтының ұстанымы мықты» демекші, мені жаңа қырымнан танып, жаңа биік белестерден, асулардан көрінуіме өз үлесін қосып жүрген ұлы ұстазыма алғысым шексіз! Осы орайды пайдалана отырып ұстазыма қажымас қайрат, талмас қанат тілеймін!

***

Қайратдин Гулжайна, шәкірті: Мен домбыра үйрмесіне катысып, көптеген жетістіктерге жеттім! Айнұр апайыма ұлкен рахмет! Біздің осындай керемет Ұстазымыз болғаны үшін, қатты қуанамым. Себебі, Айнұр апайым өте керемет ұстазым! Мен апайымды жақсы көремін! Апайыма алғысым шексіз.  Себебі, бізді алға жетелеп, биіктерден көрінуіміздің себепкері.

Басқа жаңалықтар

Back to top button