ІТ-кәсіпқой мамандары Алматы облысының оқушыларына мамандық таңдауда қалай көмектеседі
inDrive халықаралық компаниясы iQanat білім қорымен бірлесе Алматы облысы Шенгелді ауылының оқушыларына арналған «Тәлімгерлік» бағдарламасын өткізді. Мақсаты – оқушыларды әртүрлі бағыттағы мамандықтармен таныстыру және өзі қалаған мамандығын таңдауға көмек көрсету болып табылады. Жоба корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік пен корпоративтік еріктілік бағдарламасын дамыту аясында жүзеге асырылды.
Екі күн бойы digital дизайнерлер, iOS әзірлеушілер, маркетолог, IT-инфрақұрылымының инженері, заңгер мен психолог сынды әртүрлі бағыттағы кәсіпқой мамандар «Шенгелді ауылының К.Жалайыр атындағы №6 орта мектебінің» жоғары сынып оқушылары алдында сөз сөйледі. Олар мамандықтар нарығындағы өзекті мамандықтар және сол мамандықтарға қажетті дағдылар туралы, сонымен қатар өздерінің жеке карьераларының қалыптасуы туралы әңгімелеп берді. Жалпы алғанда 13 әртүрлі тақырып қамтылды. Дәріскерлер мен тренерлер — inDrive компаниясының қызметкерлері.
Графикалық және веб-дизайы бойынша шеберлік сабағында балалар сайттар жасап, Figma графикалық редакторда сурет салып көрді. Қызықты дәрістерде заңгер мамандығы туралы мәлімет алып, блогер болудың басымдығы туралы білді.
Ақпараттық технологиялар мен тұлғалықты дамытуға арналған дәрістер үлкен қызығушылық тудырды. Дәріскерлер деректерді талдау сияқты қазіргі ІТ-бағыттар, ІТ-құрылымда өз жолын қалай бастау және ІТ-инфрақұрылымның инженері мамандығы туралы айтып берді.
Сонымен қатар, тәлімгерлер жеке әрі өмірлік қағидаттарымен, мысалы, шет тілдерді үйренудің маңыздылығы, салауатты өмір салтын ұстану, жаңа орынға қалай бейімделу керек туралы ойларымен бөлісті. Оқытудың соңында оқушылармен өзін-өзі тану бойынша психологиялық тренинг өткізілді.
Бағдарламаға қатысушы, 10 сынып оқушысы Аружан Қошқарбай: «10-сыныпта оқи тұра, әртүрлі бағыттағы мамандықтармен танысу әрі олардың карьералық тарихын тыңдау – бұл үлкен сый. Мен үшін кәсіби психологпен, inDrive компаниясында бейімделу жөніндегі маманмен өткізілген өзін-өзі тану бойынша тренинг ерекше болды, біз жеке қалауларымызды талқыладық, оларды өзіміздің бойымыздағы дағдылармен салыстырдық, тіпті ғаламшар үшін миссияларды талқыладық. Осы бір-екі күн ішінде менің кәсіби дамытушылықты таңдау туралы ой-өрісім кеңейді», — деп өз ойымен бөлісті.
Сондай-ақ білім беру бөлігімен қатар, шығармашылық та болды: тәлімгерлер диджеинг, брейк-данс, көркем сурет бойынша шеберлік сабақтарын өткізді.
“inDrive Қазақстанда 2022 жылдан бастап «Тәлімгерлік» жобасын жүзеге асырады. Жарты был ішінде Алматы облысы мен Алматы қаласында 4 кәсіби бағдарлау ұйымдастырды және оған 60 оқушы қатысты. 2023 жылдың соңына дейін Алматы облысының ауылдарында тағы 3 бағдарламаны өткізуді, сонымен қатар жаңа жоба – ұзақ мерзімді жеке тәлімгерлік бағдардамасын іске қосуды жоспарлап отырмыз», — дейдіжоба басшысы Ерсаин Кабдрашев.
Жобаның қысқа мерзімді жоспарында оқушылар қазіргі мамандықтар мен сұранысқа ие әрі жаңа мамандықтар туралы көп мәлімет алу, заманауи өмірге сәтті бейімделу үшін қажетті дағдыларды алу көзделген. Ұзақ мерзімді жоспар – бұл шалғай елді мекенжердегі жастарды карьера жасауда, бастапқы білім мен еңбек жолында іргетасын қалау мүмкіндіктерін қолдаудың, сонымен қатар көшбасшылық дағдыларын дамытудың бастамасы.
Компания туралы:
inDrive – АҚШ, Калифорния, Маунтин-Вьюдегі штаб-пәтердегі көлік және қалалық қызметтердің жаһандық платформасы. nDrive қолданбасы әлемде сапарларға тапсырыс беру үшін жүктелетін қолданбалардың ішінде екінші орында, қолданба 150 миллионнан астам рет жүктелген. inDrive сапарлардан басқа, қалааралық және жүк тасымалдауды, мастерді шақыруды, курьерлік жеткізу мен жұмыс іздеуді қамтитын қалалық қызметтер тізімі бар.
inDrive 47 елдің 700 астам қалаларында қолданылады. Компания өзінің шартты төлем моделінің және қоғамдастықты қолау бағдарламасының көмегімен желілік қоғамдастықты қолдайды, бұл оған білім, спорт, өнер мен ғылым, гендерлік тепе-теңдікті және өмірде маңызды бастамаларды жақсартуға көмегін береді.
Толық ақпаратты www.inDrive.com көруге болады