Алматы облысының жаңалықтарыБасты ақпаратЗаң және бізҚоғам

ЖАС МАМАНДАР КЕҢЕСІ ҚҰРЫЛДЫ

Жол активтерінің ұлттық сапа орталығында «Жас мамандар» кеңесінің алғашқы бас қосуы өтті. Мұндай кеңестің мақсаты – әр аймақтағы филиалдарда еңбек етіп жүрген жастардың басын қосу, мансабының жоғарлауына жағдай жасау. Сонымен қатар, салаға қажетті кадр дайындау. Себебі еліміз бойынша еңбек нарығында жолшы, инженерлер, зертханалық жұмыспен айналысатын мамандар тапшы.

«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК адами ресурстар қызметінің басшысы Әсем Қалидың сөзінше, автожол саласында кадр дайындайтын оқу орындары елімізде жеткілікті. Өкініштісі, түлектердің басым көпшілігі мұндай мамандықтарға түсуге құлық танытпайды. Бүгінгі республикалық семинар-тренинг қызметкерлердің жұмыста маман ретінде ғана емес, жеке дамуына да үлкен мүмкіндік туғызатыны сөзсіз. Айта кетейік, кеңеске еліміздің 17 өңірінен жас қызметкерлер жиналып, өзара пікір алмасты. Мұндай жиындар алдағы уақытта еліміздің басқа қалаларында да жалғасын табады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button