Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБасты ақпаратҚоғамӨндіріс және кәсіпкерлік

«GATE CITY»ҚАЛАШЫҒЫНЫҢ АТАУЫ ӨЗГЕРЕДІ

Алматы облысы, Іле ауданы, Байсерке ауылдық округіне қарасты Ынтымақ ауылының батыс жағындағы кең алқапта дәл қазір «G4 City» спутниктік қала жобасы іске асуда. Жалпы алдағы жаңалықтарымызда хабарлағандай, дәл осындай спутниктік қаладан қазіргі Алматы облысының бас қаласы Қонаевқа дейін төртеуі салынады. Яғни, жалпы аумағы  3,9 миллион шаршы метр тұрғын үй салынады деген сөз.

Дүйсенбі күні арнайы Астанадан іс-сапармен келген Мәжіліс депутаты,  «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Максим Рожин қалалардың коммуналдық инфрақұрылымына ерекше назар аударды.  Алматының «G4 City» 4 спутник қаласын дамыту жобасының жүзеге асырылу барысымен кеңінен танысты. Ол қала-шыққа ат басын бұрғаннан кейін  2 бөлмелі пәтерге бас сұғып,  құрылыс сапасымен де танысты. 

Талай экономикалық ауытқушылықтан өтіп, құрылысы қайта қарқын алған «G4 City» жобасы Алматы облысында 2008 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Алматы-Қонаев тас жолының бойында жалпы саны 250 мың тұрғыны бар «Gate City», «Golden City», «Growing City» және «Green City» сынды заманауи аудандар пайда болады. Халық қалаулысы «Gate City» құрылысымен танысты. Мамандардың болжамынша, 2030 жылға қарай онда 90 мың адам өмір сүреді. Әр қалашыққа заманауи комфорттық мектептер салынып, әлеуметтік басқа да нысандар бой көтереді. Шамамен бір жарым миллион шаршы метр тұрғын үй салынатын тұрғын алабы қаланың оңтүстік бөлігінде орналасқан. «Gate city»-де барлығы 74 тоғыз қабатты үй салынады. Бүгінгі 10 үй пайдалануға беріліп, 50 пайызына халық қоныстанып үлгерген. Қоныстанғандардың көбісі – жастар. 

Максим Рожин спутник қалалардың бағасына ерекше назар аудару қажет екенін атап өтті. «Халыққа «5-10-20» бағдарламасы сынды қолжетімді баспана алуға мол мүмкіндіктер жасалу керек.  Біз бір-екі осындай қолжетімді баспанаға арналған бағдарламаларға қарап отырмай тағы да халық баспанамен қамту үшін жаңа жолдар іздеуіміз қаже. Менің алдағы міндеттерімнің бірі – осы бағытта жұмыс жасау және қалашықтағы сумен, электр жарығымен үздіксіз қамтамасыз ету мәселесі партиялықтардың ерекше бақылауында болуы керек. Сондай-ақ, жылу беру нысандарының дайындығын да бақылау қажет. Тұрғын үй азаматтарға қолжетімді болса дейміз. Сонымен қатар, тұрғын үйдің шаршы метріне қатысты баға саясатын да бақылау қажет», – деді депутат. Сонымен қатар, халық қалаулысы жаңа қалашықтың атауын да қазақиландыруды қадағалау керектігін айтты.

«Gate City»-де қосалқы электр стансасы, автоматты түрде газ тарату стансасы, магистральдық сумен жабдықтау жүйесі бар су қабылдау қондырғылары және кәріз-сорғы стансасы салынды. Жалпы, «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясында Алматы облысында алдағы бес жылда 3,9 млн. шаршы метр тұрғын үй салынады. Бұл кемінде 5,8 мың отбасын, соның ішінде, халықтың әлеуметтік осал тобының 920 және 550 көпбалалы отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бағдат ТОҚАНҰЛЫ

Басқа жаңалықтар

Back to top button