Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл шаруашылығыЕскелді айнасыҚоғамЭкономика

СУ ҚОЙМАСЫНЫҢ ЖАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

Жетісу облысына іс сапары барысында Парламент Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Болат Керімбек Ескелді ауданындағы су торабының жұмысымен танысты.

Стратегиялық маңызы бар нысандарда жыл сайын арнайы зерттеу жұмыстары жүргізілетіні белгілі. Соған сәйкес, су қоймасында тиісті шаралар қолға алынуы керек.

– Стратегиялық маңызы бар нысанның жөндеу жұмыстары аса үлкен жауапкершілікті талап етеді. Себебі, өңірдің ауыл шаруашылығы үшін аталмыш қоймалардың берері мол. Осыған жауапты сала басшыларына да талап күшті болу керек, — деп атап өтті депутат Болат Бақбергенұлы.

Жетісу облысы аграрлы аймақтың біріне жатады. Республикадағы суармалы жерлер-дің 3/1 бөлігі облысқа тиесілі. Жалпы, Қаратал өзеніндегі бұл су тарту бөгеті 1976 жылы пайдалануға берілген. Бүгінде күрделі жұмыс жүргізілмеген. Бұл нысанның техникалық жағдайы қанағаттанарлықсыз деп бағаланған.  Бөгеттің төменгі бьефінің бетон түбі бұлыңғыр, бос жерлер көрінеді. Бұрандалы көтергіштердің электр жабдықтары тозған, ауыстыруды және қыз-меттік көпір күрделі жөндеуді қажет етеді.

Айта кетейік, «Қазсушар» РМК Алматы филиалы 8 ауданға қызмет көр-сетеді: (Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Көксу, Панфилов, Ұйғыр және Шеңгелді). Филиал теңгерімінде 15 су алу торабы және 9 су қоймасы, 5,1 мың шақырым каналдар бар, суармалы жер-лердің жалпы көлемі 197,7 мың га құрайды.

Д.КЕМЕҢГЕР

Басқа жаңалықтар

Back to top button