Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратЕскелді айнасыҚоғам

БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА

«Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында Ескелді аудандық «AMANAT» партиясының филиалы ұйымдастыруымен Ескелді аудандық мәслихат депутаттары, Ескелді аудандық «AMANAT» партиясы филиалының төрағасы Айдын Баяхан және Айдын Құрманғалиев «Балаларға арналған қауіпсіз және жайлы инфрақұрылым» бағытында балаларға қауіпсіздігін түсіндіру бойынша Ақын Сара ауылының балалар алаңында үгіт насихат жүргізді.

 – Қауіпсіздіктің басты мақсаты – балаларға арналған ойын алаңдарының қауіпсіздігін, ойын алаңындағы қауіпсіздікті сақтау балалардың бірінші міндеті екенін айтып, «Ойын алаңын ластамау азаматтық борышымыз», — деді Айдын Ықыласұлы.

Аталмыш жоба аясында атқарылған жұмыс мұнымен тоқтап қалмайды. Аудандық мәслихат депутаттары мен партия қызметкерлері ауданға қарасты елдімекендерді толық аралап, балалар қауіпсіздігін кеңінен насихаттайтын болады.

Назарыңызда болсын!

Барлық меншік нысанындағы кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың басшылары үшін, сондай-ақ сауда объектілері бар дара кәсіпкерлер үшін «Ескелді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ Сіздерге төмендегіні хабарлайды:

Қазақстан Республикасының «Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 25-бабының 3-тармағына сәйкес: «Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар ұлттық стандарттарға сәйкес мүгедектігі бар адамдарға ортақ пайдаланылатын көлік құралдарына, тұрғын, қоғамдық және өндірістік ғимараттарға, құрылыстар мен үй-жайларға кедергісіз қол жеткізу, еркін бағдарлану және ұлттық стандарттарға сәйкес жүріп-тұру үшін жағдай жасауға міндетті». Мүгедектігі бар адамдарға қол жеткізу үшін бейімдеу мүмкін болмаған жағдайларда тиісті жеке және заңды тұлғалар қажетті объектілерді әзірлеп, жүзеге асыруы керек.

Жұлдыз Мырзағалиева,

«Ескелді аудандық  жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бас маманы

Басқа жаңалықтар

Back to top button