Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБасты ақпаратҚоғамМәдениет

АНТЫНА АДАЛ АЗАМАТ

«Жігітте де жігіт бар, азаматы бір бөлек» демекші, депутаттың да депутаты бар. Халық аманатын арқалаған депутаттар да атқарған ісіне, адами қадір-қасиетіне, білімі мен біліктілігіне байланысты әрқилы болады. Ел алдында берген сөзінде тұрып, елеулі еңбек етіп жүрген депутаттың бірі мен үшін Алматы облыстық мәслихатының депутаты Абай Ноғайұлы Асылов! Ол өзінің сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген кезде бірден халықтың ықыласына бөленді. Қарапайым қазақилығы, ұлтжандылығы, имандылығы,  парасаттылығы мен сабырлығы, сонымен қоса қазіргі күннің талап-тілектерін жақсы білетінділігі көрініп тұрды. Үлкендермен сөйлескені, жастарға айтқан өсиет сөздері халықты баурап алды. Кездесу барысында   жастардың мәселесіне ерекше ден қойды. Жастарды отбасылық, ұлттық құндылықтарды бағалауға, дәріптеуге шақырды. Қай жерде болмасын мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруді айтып жүрді. Өзі басқаратын акционерлік қоғамды барлық іс қағаздарының және өтетін әр деңгейдегі жиналыстардың тек қазақ тілінде екендігін айтып, КазЦик округіндегі мекеме басшыларынан мемлекеттік тілге үлкен құрметпен қарауын өтінді. «Егер жергілікті жерлердегі мекемелер тек қазақ тілінде сөйлеп, барлық іс-шараларды  ана тілінде өткізсе, дұрыс болар еді. Бұл мәселені барлығымыз өзімізден бастауымыз керек», — деген болатын. Өзінің ауылда туып-өсіп, отбасында ұлттық салт-дәстүрлерді қатаң сақтап өскендігін жиі айтатын. Отбасы демекші, ол Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Бірлік ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген. Көпбалалы отбасында өсіп-өніп, өзін-өзі тәрбиелеп, жоғары жетістіктерге жете алған Абай Ноғайұлының  өмірлік тәжірибесі, еңбек сатылары кім-кімге болса да үлгі-өнеге. Еңбекқорлығының, ізденімпаздығының арқасында 4 жоғары білім алды. Бір басында физика-информатик, құқықтанушы, инженер – механик, энергетик мамандығы бар. Сегіз қырлы, бір сырлы жан. 

Еңбек жолын Мойынқұм аудандық әкімшілігінің хатшылығынан  бастап,  әр жылдары Жамбыл облысы Ішкі істер басқармасы бастығының әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, Тараз қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы, Жамбыл облысы бойынша көліктік бақылау басқармасының  бас маманы, «Алел-Агро» АҚ директорының орынбасары, аталмыш облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының директорының орынбасары, Тараз инновациялық университеті проректорының орынбасары,  Жамбыл ГРЭС-і директорының орынбасары, «Алатау Жарық компаниясы» ШЖҚ РМК АҚ басшысы, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС бас директорының орынбасары, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС бас директоры, «О. Д. Қантаев атындағы Мойнақ ГЭС» АҚ басқарма төрағасы болып қызмет атқарды.Қазіргі уақытта «Алатау Жарық компаниясы» ШЖҚ РМК АҚ басшысы.

Ол өзінің сайлауалды бағдарламасында  төмендегідей уәде берген болатын:

– Көшелерді, жалпы ауданды абаттандыру жұмыстарын көбірек қамту арқылы күшейту керек.  Жол картасы аясында салынып жатқан спорт нысандарының құрылысының сапасы мен уақытылы жүргізілуін бақылаймын.

Тұрғындарымыздың, соның ішінде мектептен қайтып келе жатқан балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көшелерді жарықтандыру шамдарын қуаттырақ және сонымен бірге үнемді заманауи шамдарға ауыстыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіледі.

Сондай-ақ, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында ағымдағы жолдарды жөндеу жұмыстары басталады.  Өз тарапымнан бюджетті қараған кезде осы мәселені көтеріп, ағымдағы жылы қаржы бөлуге барынша ықпал етемін.  Ал көшелерді, жалпы ауданды абаттандыру жұмыстарын көбірек қамту арқылы күшейту керек.  Жол картасы аясында салынып жатқан спорт нысандарының құрылысының сапасы мен уақытылы жүргізілуін бақылаймын.

Казцик ауылдық округінде және Комсомол ауылында су құбырларының күрделі жұмыстары жүргізілуіне атсалысамын. Сондай-ақ Казцик ауылдық округінде 1500 орынды мектептің, Комсомол ауылында 1500 орынды мектептің салынуына үлес қосамын.

 Депутат болғалы небәрі 100 күннен асса да Абай Ноғайұлы біраз жұмыстың басын қайырып үлгерді. Көшелерді абаттандыру, жарықтандыру жұмысы қолға алынып,жол жөнделе бастады. Ол  халыққа берген уәдесін орындау жолында өзінің жұмысының алғышарттарын жасауда. Сонымен бірге тыл ардагерлеріне, жалғызбасты қарттар мен аналарға, мүгедектерге тұрақты түрде көңіл бөліп, қолынан келген қайырымдылық көмектерін көрсетуде. Атап айтсақ, Ұлы Жеңіс күні қарсаңында «AMANAT» партиясы Іле аудандық филиалының  «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында қатары сиреген тыл ардагерлері Кеңес Теміровтың, Әбдікерім Арыновтың, Ахметжан Қашқынбаевтың шаңырақтарына арнайы барып, қал-жағдайларын сұрап, сый-сияпат жасады. Айына бір рет Шынар Сүлейменова, Нұргүл Жолсейтова сынды жалғызбасты аналар мен  Тайся Бабровская, Жәміш Қарабаева, Ольга Ваховская сияқты жалғызбасты қарттарға азық-түлік тағы басқа  күнделікті тұтынатын қажетті заттарын көмекшісі Бағдат Тынысбекұлы Әбіжанов арқылы апарып береді.1 маусым-халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі қрасаңында КазЦик ауылындағы №42 орта мектепте мерекелік іс-шара өткізіп, келген балалардың барлығына  тегін балмұздақ таратты. Мұнан бөлек, мүгедек балалары бар және көпбалалы отбасыларына барып, азық-түлік себетін тағы басқа сыйлықтарын берді. Нүрәлі Бейсенбай, Серікбай Мәдина, Марат Ақниет сынды балаларды емдетіп, олардың денсаулықтарын сауықтыруға жағдай жасады.

 Аз ғана уақыт ішінде өзінің нақты ісімен, жасаған әркеттерімен халықтың құрметіне бөленіп, ел аманатына адалдық таныта алған Абай Ноғайұлы Асылов міне, осындай жан. Оның алдағы уақытта бұдан да үлкен істерді тындырытындығына сеніміміз  мол!

 Баян ТОПАРОВА,

ұлағатты ұстаз КазЦИК ауылы тұрғындары атынан

Басқа жаңалықтар

Back to top button