Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыҚоғамТалгар информацияТалғар - ақпарат

АУДАН БАСШЫСЫ АЛАТАУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Шілде айының соңында, күннің ыстығында аудан басшысы Танат Айдарбеков Қызылқайрат ауылының мәдениет үйіне барып, Алатау ауылдық округінің тұрғындарымен тұрақты кездесуін өткізді. Кездесуде 2023 жылы ауылдық округ бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтылды.

Атап айтсақ, 2023 жылға арналған жоспар бойынша округке барлығы 166 млн. 216 мың теңге бөлінді. ІІ тоқсанға игерілген қаражат суммасы 49 млн. 784 мың. теңге немесе 30 пайызды құрап отыр. Оның ішінде: әкім аппаратын ұстап тұруға –  38 млн. 317  мың теңге; елдімекендерді жарықтандыруға – 5 млн. 143 мың теңге; елдімекендерді абаттандыруға – 2 млн. 754 мың теңге; автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге – 3 млн 500 мың теңге; трансферттерге 69,5 мың теңге.

Салық  түсімдері  бойынша  2023 жылдың I жартыжылдық жоспардың орындалуы 96% пайызды  құрап отыр. Салықтың 5 түрі бойынша, жалпы жылдық жоспар 122 млн 793 мың теңге болса, ІІ тоқсанға салық түсімі  89 млн. 994 мың теңгені құрады.

Округтің шаруа қожалықтары ауылшаруашылық дақылдары мен көкөніс дақылдарын, сондай-ақ, бау-бақша жемістерін, таулы-шөлейтті-орманды-дала агроклиматтық аймақтарында өсіреді. Қазіргі уақытта округ бойынша 464 шаруа қожалығы 3 өндірістік кооперативі  тіркелген. Аулалардың саны – 5343, оның ішінде 15 шаруа қожалығының ауласында мал басы бар. Ауыл шаруашылығы саласында жұмыспен қамтылғандар саны – 1754 адам. Мал басы бойынша ірі  қара  мал – 4706, жылқы – 1269, қой ешкі – 3272, құс – 5110, түйе – 3 бас. Асыл тұқымды малды көбейту үшін жасанды ұрықтандыру басты рөл атқарады. Осы мақсатта ауылдық округте жасанды ұрықтандырудың 1 пункті бар. Бүгінгі күнге 350 бас мал қолдан ұрықтандырылып 100% құрады.

Округтегі барлық егістік алқабы – 1418 га, оның ішінде суармалы егістік – 889 га. Шабындық – 35 га, жайылымдық алқап – 2555 га, көпжылдық өсімдіктер – 245 га толығымен электрондық базаға тіркелген. «Котельников» ЖК, «Алтай» ЖК,» Ахметов» ЖК, «Ақниет» ЖК, «Әлімжанов» ШҚ, «Абдуллаев» ШҚ,» Абдуалиев» ШҚ, «Айдаров» ЖК, «Айтжанов» ШҚ, «Ақылбаев» ШҚ, «Андаспаев» ШҚ, «ақтай-Ко»ЖШС, «Маралбаев» ШҚ, «Алдангорова» ШҚ,» Бекебаев» ШҚ, — жемшөп дақылдарын өсірумен айналысады. Оның ішінде: бидай, жүгері, көпжылдық өсімдіктер. Алатау ауылдық округі бойынша бақтар саны 270, оның ішінде жаңа отырғызылған  жас бақтары саны – 6.

Жайылымдармен қамтамасыз ету мақсатында ауыл тұрғындарының жеке малдарын жаю үшін 3000 га жер учаскесіне Ұлттық паркпен және жер пайдаланушыларымен меморандумдар жасалды.

Алатау ауылдық округінің автомобиль жолдарының ұзындығы 71,9 км құрайды, оның ішінде қатты төсемі бар жолдар – 40 км, бұл қатты төсемі бар округ көшелерінің жалпы санының 56% құрайды. 2023 жылы Алатау ауылдық округінің орташа жөндеу жұмыстарымен келесі жолдар қамтылды: Рысқұлов ауылы Гагарин көш. 1,5 км., Береке ауылы Жандосов (Горная) көш. 1,2 км. Ағымдағы жөндеу жұмыстарымен келесі жолдар қамтылды: Қызылқайрат ауылындағы Аманжолов көш. 0,9 км., Мұналбаев көш. 0,8 км., Рысқұлов ауылы Аманкелді көш. 1,1 км., Рысқұлов ауылы Абай көш. 0,6 км.

Сонымен қатар, Алатау ауылдық округі Қызылқайрат ауылы Астана, Алатау, Жамбыл көшелері, Рысқұлов ауылы МТФ-1 көшесі, Амангелді ауылы Орталык көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге ЖСҚ (жобалық сметалық құжат) дайын. Қажет ететін қаражат – 262 млн. теңге. Алатау ауылдық округіне қарасты Қызылқайрат, Алмалық, Рысқұлов, Амангелді ауылдарының жаңақұрылыстарына 23 көшелерін жөндеуге (подсыпка) бюджеттік өтінім берілді. «Өңірлерді  дамыту» бағдарламасы аясында 2023 жылға 13 745 000 теңге бөлінді. Бөлінген қаражатқа Қызылқайрат ауылындағы Төлебаев көшесіне маршруттық әдіспен өтпелі жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Мердігерді анықтауға 2023 жылы 29 маусым ашық конкурс жарияланды. 

Қызылқайрат, Рысқұлов, Береке ауылдарында сумен жабдықтау ШЖҚ «Талғар Су» МКК-сі, Алмалық, Алтын-Дән, Аманкелді, Байбұлақ, Шымбұлақ ауылдарында сумен жабдықтау «Нұра Топтық Су Құбыры» ШЖҚ РМК-сі айналысады. Судың бекітілген тарифі 1м3 құрайды: Қызылқайрат ауылы – жеке тұлғаларға 60,18 теңге, заңды тұлғаларға 147,71 теңге; Рысқұлов, Береке ауылы – жеке тұлғаларға 129,75 теңге, заңды тұлғаларға 312,59 теңге; Алмалық, Алтын-Дән, Аманкелді, Байбұлақ, Шымбұлақ ауылы — жеке тұлғалар 110 теңге, заңды тұлғалар 168 теңге.

2022 жылдан бастап Алатау ауылдық округі бойынша Бірлік, Талдыбұлақ, Алтын-Дән, Шымбұлақ ауылдарын және «Березка» саяжайын Талғар топтық су құбырына қосу жұмыстары жүргізілуде. Желілер ұзындығы – 54,1 км. Жоба құны – 2 млрд. теңге. Мердігер – «Мелиоратор» ЖШС-і. Аяқталу мерзімі – 2023 жылдың қазан айы. Алмалық, Амангелді, Байбұлақ ауылдарын Талғар топтық суағарына қосу жұмыстары жүргізілуде. Желілердің ұзындығы – 20,5 км. Жоба құны – 588 млн. теңге. Мердігер – «Мелиоратор» ЖШС-і. Аяқталу мерзімі –  2023 жылдың қазан айы. 2023 жылы Рысқұлов ауылының су жүйесін қайта жаңғырту және салу (2 кезең) жобасын әзірлеуге 20,4 млн. теңге бөлінді. Жобалаушы ұйым – «Шымгорпроект» ЖШС-і. Аяқталу мерзімі 2023 жылдың қараша айы.

2023 жылы Амангелді ауылының электр желілерін жаңғыртуға және салуға арналған жоба әзірленді. Жобаға сәйкес 9,6 шақырым электр желілерін салып, 6 дана трансформатор орнату қарастырылған. Жобаның құны – 286,1 млн. теңге. Жобаны жүзеге асыру мақсатында бюджеттік өтінім берілді. Және де 25 900 000 теңгеге жергілікті қаражат есебінен Қызылқайрат ауылындағы  Жаханов көшесіне 40 жарық бағаналарын, Тілендиев көшесіне 23 жарық бағаналарын, Рысқұлов ауылы Амангелді көшесіне 35 жарық бағаналарын орнатужұмыстары басталды. Мердігер «МАХ СС» ЖШС-сі.

Қызылқайрат, Алмалық, Алтын-Дән, Амангелді, Байбұлақ, Шымбұлақ ауылдарын газбен қамтамасыз етумен «Жетісу-Газ-Құбыры» ЖШС айналысады. Аталған ауылдар газдандырумен табиғи газға қосылу құны 352 мың теңгені құрайды. Тариф жеке тұлғаларға 1 куб.м – 33,71 тг., заңды тұлғаларға 1 куб.м – 34,94 тг. Рысқұлов, Береке, Орман ауылдарын газбен қамтамасыз етумен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жетісу өндірістік филиалы айналысады. Жалпы тариф 1 куб.м – 31,9 тг., табиғи газға қосылу құны 150-500 мың теңге аралығын құрайды. Аталған ауылдар газдандырумен – 90% қамтылды, қосылған аула саны 75% дейн жетті, яғни 4007 аула саны көгілдір отынға қосылған.

2023 жылы елді мекендерді абаттандыруға 21 млн. 720 теңге бөлінді, бөлінген қаражатқа келесі жұмыстарды орындау көзделуде: 2 млн. 740 мың теңге Алатау ауылдық округі бойынша ағаштарды кесу жұмыстары, 5 млн. 40 теңге Алатау ауылдық округ бойынша республикалық, облыстық және ішкі жолдардың бойында арам шөптерді шабу жұмыстары, 1 млн. 620 мың теңге  Қызылқайрат ауылындағы ҰОС ардагерлеріне арналған аллеяны ағымдағы жөндеу жұмыстарына, 14 млн. 333 теңге  Байбұлақ ауылында балалар ойын алаңын орнату, Қызылқайрат ауылы Аманжолов көшесінің бойында балалар ойын алаңын орнатуға ЖСҚ (ПСД) жасату көзделуде.

2 млн. 856 теңге Алатау ауылдық округі бойынша санитарлық тазалау жұмыстарына, яғни көшелерді тазарту, жолдардың жүру бөлігін, жол жиектерін, арықтар мен өткелдерді, жасанды су өткізгіштер, аялдамалар бойындағы қоқыс жәшіктерін тазалау бойынша іс-шараларды жүргізу; канал аймағын қоқыстан тазалау; анықталған стихиялық полигондарды қатты тұрмыстық қалдықтардан тазарту; автомобиль жолын, жол жиегіндегі және көшелерін қоқыстардан механикаландырылған және қолмен тазалау жұмыстарын жүргізуге бөлінді. 

Округте қаңғыған иттерді  аулау жұмыстары  тұрақты  жүргізіліп, 2023 жылдың ІІ тоқсанында округ бойынша 124 ит ауланды. 

2023-2025 жылдарға арналған «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы бойынша 2 мектеп салу жоспарланды. Қызыл-Қайрат ауылынан 900 орындық мектеп салу үшін 3,2000 га жер телімі сатып алынды. Байбұлақ ауылынан 1200 орындық мектеп салу үшін 2,2800 га жер телімі бар, екінші жер телімі (0,9947 га) жер иесінің бағасына келіспеуіне байланысты сот процесінде (орналасқан жері ККХ Жанашар).

№16  орта мектепке — 105 оқушы (Береке — 92 оқушы, Орман ауылында -13 оқушы), №18 орта мектепке — 178 оқушы (Амангелді, Байбұлақ ауылдары -178 оқушы) тасымалданып оқытылады. 7 жекеменшік балабақшаларда 475 бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған. Т.Рысқұлов атындағы №16 орта мектебі ғимаратына 300 орынға арналған жапсаржай салу үшін ЖСҚ жасалып, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Құрылыс жұмыстарын жүргізуге 2,4 млрд қаржы бөлу үшін облыстық білім басқармасына бюджеттік өтінім берілді. Қаражат бөлінуіне қарай құрылыс жұмыстары басталады. 

Әрбір қазақстандықтың  денсаулығына  мемлекет  көңіл  бөлуде.  Ауылдық  округтегі  Қызылқайрат  ауылында  заман талабына сай 2 отбасылық денсаулық орталықтары, 2 ауылдық  дәрігерлік емханада Қызылқайрат ауылындағы  және Рысқұлов ауылындағы емханаларында  толық күрделі  жөндеу  жұмыстары жүргізілді. Алмалық және Амангелді  ауылдарында  2 фельдшерлік  пункт   тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуде, онда  12 дәрігер, 108 медициналық қызметкерлер  жұмыс істеуде. Қызылқайрат ауылында  2 және Шымбұлақ ауылында 1 оңалту  орталықтары  халыққа  қызмет  көрсетуде. Округ  аумағында  5 дәріхана, 2 дәріханада ем қабылдау бөлмелері жұмыс істеуде.

Талғар ауданының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімімен «Талғар ауданы Алатау а/о Алтын дән ауылының Сәтпаев көшесінің №1, 2 көппәтерлі үйлерді жылумен қамтамасыз ету үшін газбен жұмыс істейтін автономды блокты-модульді қазандық салуға» жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуді бастады. Жобалаушы мекеме «Тараз Аркон». Жобаның жалпы құны 9,9 млн.тг.

Учаскелік  полиция  қызметкерлеріне  округте  Қызыл-Қайрат  ауылында  округ әкімдігінің ғимаратында бір бөлме берілген, жарықпен, компьютермен және интернетпен жабдықталған, 4 учаскелік полиция  қызметкерлері  жұмыс атқарады. 2023 жылы 2-тоқсанда 24 қылмыс тіркеліп, оның 18 ашылды. 286 – әкімшілік  жауапқа  тарту  хаттамалары  толтырылды. Қызылқайрат  ауылында Талғар ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі, «Алматы облысы Талғар ауданының Қызылқайрат ауылында қызметтік тұрғын үймен қосарланған участкелік полиция пунктін (УПП) салу (2 тип, 4-5 участкелік инспекторларға)»  жобасын іске асыруда, мердігер ұйым «Азамат құрылыс» ЖШС-і.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 102 отбасына, 20,03 млн. теңге төленді. Мүгедек балаларды үйде оқытуға жәрдемақы 14 балаға 389,9 мың.теңге төленді. Сондай-ақ, әртүрлі  әлеуметтік  көмектерге  14 адамға 1,7 млн.теңге төленді (туберкулез ауруына    шалдыққандарға, Ауған соғысына қатысқандарға бір жолғы төлем). Мүмкіндігі шектеулі өз бетінше жүре алмайтын 1-топтағы 15 мүгедекке 15 жеке көмекші қызмет көрсетеді. Сонымен  қатар, 5  адам қол арбамен,  26 адам протездік-ортопедиялық құралдармен, 22 гигиеналық құралдармен қамтылған.  29 мүгедекке шипажайға  жолдама беріліп, 3 адам барып келді. 1-топтағы мүгедектігі бар 431 адам  «Инватакси» көмегіне  жүгінген. Медицина  қызметкерлерінің  мүгедекті  оңалтудың жеке  бағдарламасы бойынша  үйде арнаулы әлеуметтік қызмет 5 балаға 1 әлеуметтік қызмет көрсетеді. Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің 2 әлеуметтік қызметкері 3 жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге  қызмет көрсетеді. Семей ядролық сынақ полигонында зардап шеккен 2 адамға біржолғы өтемақы төленіп, 3 адамға куәлік берілді. 2023 жылы «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» аясында, Алатау ауылдық округі бойынша 238 жұмыссыз азамат жүгініп, келесі бағыттарға жолданды: «Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға» – 23 адам, «Жастар тәжірибесіне» – 1, «Әлеуметтік жұмыс орындарына» – 13 адам, «Алғашқы жұмыс орны» – 1 адам, «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағыты бойынша жеке ісін ашуға 400 АЕК мөлшерінде мемлекеттік грант – 2 адам.

Кездесу соңында тұрғындардың сұрақтарына мемлекеттік органдардың өкілдері жауап берді. Кездесу жылы жағдайда өтті, тұрғындар өзекті сұрақтарына жауап алды.

Акан АКЫЛОВ

Басқа жаңалықтар

Back to top button