Бақылау посты құрылды
«AMANAT» партиясы Ескелді аудандық Сайлауалды бағдарламасының Жол картасында көрсетілген Жетісу ауылындағы дәрігерлік амбулаториясының күрделі жөндеу жұмыстарын қадағалау мақсатында нысанда Партиялық бақылау посты құрылды.Партиялық бақылау постың ашылуына Ескелді аудандық партия филиалының төрағасы А. Баяхан партиялық бақылау посттың мүшелері құрылыс нысанының жұмыс барысымен танысты.
Бүгінгі таңда Жетісу ауылының дәрігерлік амбулаториясына күрделі жөндеу жұмыстары басталды. «Тілек – 2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мердігерлік ұйымымен жалпы сомасы 112 500 121 теңгеге шарт жасалған. «Каспий маңы құрылыс басқармасы – Шымкент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі авторлық қадағалауымен 1 184 212 теңгеге шарт жасалды, «Мегалит Алматы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі техникалық қадағалауымен 3 453 162 теңгеге шарт жасалды. Ғимараттың жөндеу жұмыстары бөлшектеу сатысында. Нысанда 12 адам жұмыс істейді.