ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 2023 жылдың 1-шілде айынан қолданысқа енді. Осы мәселе бойынша 2023 жылдың 27-шілдесінде Жетісу облысы Ескелді аудандық әкім аппаратының кіші мәжіліс залында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Комитетінің Жетісу облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары Ерлан Абдалиев Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексі шеңберінде әлеуметтік инспекторлар институтын енгізу туралы, мүгедектігі бар адамдардың құқықтары туралы, арнаулы әлеуметтік қызметтерді алу құқықтары туралы дөңгелек үстел өткізді.
Жиынға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету», «Жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге үйде әлеуметтік қызмет көрсету» бөлімшелердің меңгерушілері, әлеуметтік қызметкерлері, «AMANAT» партиясы Ескелді ауданық филиалының эксперті, ауданның әлеуметтік қызметкерлері мен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектер қоғамдық бірлестігінің өкілдері қатысты. Отырыста Әлеуметтік кодекстің негізгі ережелері түсіндіріліп, оның ішінде, үйде арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету, жеке көмекшілер, сондай-ақ әлеуметтік қызметтер порталының жұмысы туралы толық қарастырылды.
Ерлан Абдалиев жиынға қатысушылардың сұрақтарына толықтай жауап беріп, айтылған ұсыныстар назарға алынды.
Ескелді аудандық
жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі