Аудан жаңалықтарыАуыл тынысыКеген келбетіҚоғам

АУДАН ӘКІМІ ТАСАШЫ АУЫЛЫНДА

Кеген ауданының аумағында Тасашы ауылы бар. Сонау өткен ғасырда Қазақ КСР-нің 50 жылдығы атындағы тәжірибе шаруашылығы құрылып, Тасашы ауылының іргетасы қаланған. Аталған шаруашылықта еңбек еткен жандар, ауыл тұрғындары өткен жылдары ауыл іргетасының қаланғанының жарты ғасырлық мерейлі тойын атап өтті.

Жақында Кеген ауданы әкімі Н. Молдахметұлы «Тасашы орта мектебіне қарасты интернаты бар мектепке дейінгі шағын орталығымен және Сарыкөл бастауыш мектебінің жұмысымен танысып, келесі оқу жылына деген дайындықтарын өз көзімен көрді. Айта кетейік, оқу ордасы 1978 жылы 640 орындық балаға арналып салынған. Бүгінгі таңда 148 бала білім алады.  Ал балаларға арналған мектеп жанындағы интернат 1986 жылы  құрылып, 120 балаға арналып салынса, қазіргі уақытта 53 бала жатып білім алуда. Аталған білім ордасы келер жылы күрделі жөндеу жұмыстарына тартылатын болады.

Өңірдің толғантар мәселелері бірте-бірте реттеліп, олқы тұстары бүтінделіп келе жатқан мұндағы ел мен жұрт ертеңге күндеріне үлкен үмітпен қарайды.

Индира Біржансал

Басқа жаңалықтар

Back to top button