Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыКеген келбетіҚоғамМәдениет

ӨНЕРЛІ ӨРЕНДЕР ОРДАСЫ

Ауыл жастарын өнерге баулып жүрген Кеген балалар өнер мектебі, өз жұмыстарын қарқынды жүргізіп келеді.

 «Бұлақ көрсең, көзін аш», — демекші, түрлі-түрлі өнерге талаптары таудай шәкірттерге дәріс беріп, білімін кеңітіп, болашағына негіз қалағанға не жетсін?!

Ашылғанына биыл сегіз жыл толатын өнер мектебінде домбыра, қобыз, дәстүрлі ән, хореография, тігін, тоқыма, ағаш өнері, бейнелеу, сурет және мүсін кластары бойынша дәріс берілуде.

 Биылғы оқу жылында жалпы 447 шәкірт білім алуда.

 Аталған өнер мектебі аудандағы Тасашы балалар интернатын, Бөлексаз орта мектебін қамқорлықтарына алған.

Мектептің ұстаздары сол жерде тұратын шәкірттеріне арнайы барып, дәрістерін беріп жүр.

Өнер мектебінің өнерлі шәкірттері халықаралық, республикалық, облыстық түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындардан көрініп келеді.

ИндираБіржансал

Суретте: Кеген балалар өнер мектебіндегі қобыз, домбыра кластарының шәкірттері Нұрайым Бақбергенқызы, Диас Нұрбосын, Ақниет Нұрбосын

Басқа жаңалықтар

Back to top button