Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыҚоғамСпортТалгар информацияТалғар - ақпарат

БАС ЖҮЛДЕ – ӘКІМ КУБОГЫ

Талғарда 35 жасқа дейінгі жастар арасында футболдан қала әкімінің кубогы сарапқа салынды.

Талғар қаласы әкімшілігінің бастамасымен ұйымдастырылған турнирге ауданнан жүзден аса спортшылар қатысты. «Алмалы» денешынықтыру-сауықтыру кешенінің стадионында өткен әр ойын тартысты әрі қызықты өтті. Жарыс регламентіне сәйкес, он екі команданың арасынан бірінші және екінші орын алғандары бас жүлдені сарапқа салды.

Турнирдың салтанатты ашылу рәсіміне қала әкімі Бақыт Күрішбеков, Бұқаралық спорт және іс-шаралар өткізу ұйымының басшысы Жандос Аянбек және «Алмалы» денешынықтыру-сауықтыру кешенінің директоры Айгүл Оралбекқызы қатысты. Бұл шараның негізгі мақсаты салауатты өмір салтын насихаттап, аудан тұрғындарының бірлігін арттыру екендігін атап өткен қала әкімі Бақыт Күрішбеков барша қатысушыларға сәттілік тіледі. Жандос Аянбекте сөз алып, мұндай спорттық бәсекелердің денсаулыққа пайдасынан бөлек, табандылыққа үйретіп, ерік-жігерді шыңдай түсетінін тілге тиек етті.

Бір күнге созылған жарыс қорытындысында Гүлдала ауылдық округі және қалалық «Талхиз» командалары финалға шықты. Осылайша екі командалар арасындағы тартысты бәсекеде Гүлдаланың бағы жанып, Талғар қаласы әкімінің кубогын жеңіп алды. Үшінші орынды Талғар қаласының медресесі, ал төртінші орынды аудандық төтенше жағдайлар басқармасының жігіттері иеленді.

Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне кубок, медальдар, дипломдар және бағалы сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы» және «Үздік шабуылшы» аталымдары бойынша үздік танылғандарға сыйлықтар берілді.

Жарысты ұйымдастырушылардың бірі Талғар қаласы жастар ісі жөніндегі маманы Ербол Жеңістің айтуынша басты мақсат салауатты өмір салтын насихаттауға, оның ішінде жастар спортын дамытуға бағытталған айтулы жарыс алдағы уақытта дәстүрге айналатынын, ауданның барлық аймағынан командалар шақырылатынын жеткізді.

Акан АКЫЛОВ

Басқа жаңалықтар

Back to top button