ЖАСТАР ҚОЛҒАБЫС ЕТТІ
Еріктілер ұйымдары алғаш-қы күннен-ақ көмек қорын ашып, эвакуацияланған азаматтарға және өз үйінде қалған зардап шегушілерге де азық-түлік, киім-кешек апарып, жәрдем жасады. Сол сияқты аулалардан су мен батпақ шығару, көше тазарту, қоқыс шығару жұмыстарын атқарған жеке құрам мен еңбек ұжымдарына ас әзірлеу ісіне атсалысты.
Ескелді аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Серік Жолдыбаевтың айтуынша, филиал сол 12 тамыз күні-ақ арнайы көмек қорын ашып, зардап шеккендерге қолдау көрсеткен. Сол сияқты Абай, Ешкіөлмес (соның ішінде Кирзавод аумағында) ауылдарында су басқан үйлерді тазалау жұмыстарына көмекке келген азаматтарға, атап айтқанда үш күннің ішінде жалпы саны 1200-дей адамға Имам Ағзам мешітінде тамақ әзірлеуге көмек етті, бұл жұмыс әлі де жалғастырылуда. Сол сияқты Lider.kz, «Адал» еріктілдер ұйымы да игі іске қол ұшын созды.
– Біз 12 тамызда бірден көмек қорын ұйымдастырдық. Алғашқы күннің өзінде бізге 150-дей адамнан қоңырау түсіп, 20 шақты адам заттай көмегін әкелді, бір тәулікте қаржылай 132 мың теңге жиналды. Оған қажетті азық-түлік, киім-кешек алып, эвакуациялау орнына қоныстанған азаматтарға жәрдем еттік. Бұл жұмыстарға біздің ұйымнан 15 жас атсалысты, — дейді «Адал» еріктілдер ұйымының жетекшісі Дарина Буканова.
М.Максым