Аудандық мәдениет үйінде Конституция күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Мерекелік кеште Әнұранымыз шырқалып, аудан әкімі Елдос Ахметов жиналған халықты мерейлі мерекемен құттықтап, Конституция қабылдау арқылы мемлекетіміз өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырғанын, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары деп айқындалғанын атап өтті.
Аудан әкімі іс-шара барысында ауданымыздың дамуы мен өркендеуіне үлес қосқан бір топ азаматқа «Ескелді ауданының құрметті азаматы» орденімен марапаттады және ел демографиясына үлес қосқан анамызға «Алтын алқа» табыстады, сондай-ақ әр саланың үздіктерін алғыс хатпен марапаттады.
Салтанатты шара ауданымыздың мәдениет майталмандарының арнайы дайындаған концерттік бағдарламасына жалғасты.
М.МАКСЫМ