Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратҚоғамТалгар информацияТалғар - ақпарат

«КІТАП СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ

Адамзат баласының қол жеткізген  игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Дана халқымыз «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деп бекер айтпаса керек. Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп үлгі-өнеге мен тәрбие аламыз. Кез келген елдің тарихын, жүріп өткен жолын баян ететін де сол кітап.

Еліміздің болашағын баянды қылып сақтаудың кілті рухани жаңғыруда екені белгілі. Бұл идеяны елдің ертеңі, қоғамның қозғаушы күші саналатын зиялы қауым да, жастар да қызу қуаттайды. Қазіргі таңда ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл бағдарламалық мақаласын насихаттауға ерекше мән беріліп отыр. Осы орайда басты мақсат адамзат жасаған ең ұлы кереметтердің бірі      – Кітаптың құдіретін таныту.

Ендеше, кітапхана ісін қолдау – қоғам дамуының басты міндеттерінің бірі болып табылатындығын ескере отырып, тамызда Талғар аудандық кітапханасында  «Кітап сыйла акциясы» аясында «Кітап – білім бұлағы» атты іс шара өтті.

Іс-шарада ана тіліміз қазақ тілінің қандай көркем екені талқыланып өтілді, және де тіл мен кітаптың қандай байланыста екенін, кітап оқып тілдік қорымызды дамыту керек екенін өскелең ұрпақты кітапты оқуға, әрбір ата-ана міндеті екені айтылды.

Сонымен бірге, «Қоғамдық келісім» КММ жетекшісі Бұтабаева Жұмақыз Әшімбекқызы өзінің жеке кітапханасынан кітапхана алтын қорына кітап сыйлады.

Мұндағы мақсат – халықтың рухани байлығын дамытып, кітапхананың кітап қорын әдебиеттермен толықтыру, оқырман мен кітапхана арасын нығайту.

Акция барысында оқушыларға құнды қазынаға бай кітапхана үшін үлкен сыйлық – кітаптар сыйлаудың маңызы түсіндіріліп, игілікті іске үлес қосу – сауапты іс екендігі айтылды. Кітап оқу арқылы адам рухани дами түсетіндігі, кітапхананың кітап қорын әдебиеттермен толықтыру, оқырман мен кітапхана арасын нығайтудың маңызы сөз болды. Сонымен қатар, кітапханаға тарту етілген кітаптарды қарап шығуға арналған көрме ұйымдастырылып, шараға ат салысқан оқушыларға құрмет көрсетілді.

Зиялы қауым өкілдері ұрпаққа қалдырар ең үлкен мұра – кітап екендігін, өткеннің рухы, келешектің кілті, мәдениеттің биік шыңы да осы кітапта жатқандығын айтып, жастарды кітап оқуға, сол арқылы білімдерін жетілдіруге шақырды. Акция соңында қатысушылар кітапханаға әкелген кітаптарын табыстап, бір-бірімен кітап алмасты.

Акан АКЫЛОВ

Басқа жаңалықтар

Back to top button