Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыЕскелді айнасыҚоғам

АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР КӨҢІЛ КӨНШІТЕДІ

Жуырда Ескелді ауданы әкімдік ғимаратының үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Елдос Ахметов атқарған жұмыстары жөнінде мәслихат депутаттары алдында есеп берді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы «Әкімдердің Мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» жарлығына сәйкес. Кезекті мәслихаттың ХІ сессиясына ауданнан мәслихатқа сайланған 13 депутаттың 10-ы және сессияға шақырылған аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері, құқық қорғау органдарының басшылары, мекеме басшылары қатысты.

Аудан әкімі Елдос Тұрсынбайұлы осы күнге дейін атқарған жұмыстары жөнінде өзекті мәселелерді алға тартып айтып, оң шешімі шыққанын да жеткізді. Есеп беру барысында депутаттар тарапынан өзекті сұрақтар қойылып, жауап та берілді. Сессия барысында аудандық мәслихаттың депутаты Раушан Мейірбековаға, Айдын Құрманғалиевқа сөз берілді.

Халық қалаулысы Раушан Біліспекқызы өз сөзінде 2023 жылдың 1 қыркүйегінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жасаған Жолдауында халықтың әлеуметтік жағдайына назар аударып, тапсырмалар бергеніне тоқталды. Көпбалалы, әлеуметтік жағынан осал топтағы отбасыларға жан-жақты жағдай жасалынып төлемақылар төленуде. Ең төменгі айлық жалақысы 2024 жылдың 1-і қаңтарынан бастап 85000 теңгеге ұлғаятынын айтты.

– Биылғы оқу жылынан бастап, Республика бойынша 1-4 сынып оқушылары әлеуметтік жағдайларына қарамастан тегін тамақтанатын болды. Біздің ауданымызда да осы тапсырма аясында біршама жұмыстар атқарылып жатыр, — деді халық қалаулысы.

Жалпы ауданда өрелі істер бар. Көшелер жарықтандырылып, асфальт төселуде. Аудан тұрғындарының денсаулығын нығайту мақсатында медициналық пунктерді күрделі жөндеуден өткізу және жаңадан салу, оларды жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. Абай, Ешкіөлмес ауылдары төтенше жағдайға ұшырап, нөсер жауыннан болған, су шаю мәселесінде орын алған жағдаяттарға да аудан әкімдігі мәселені шешудің жедел түрде жолдарын қарастырды. Жалпы атқарылған жұмыстарды ескере отырып, депутаттар аудан әкімінің атқарған жұмыстарына «Қанағаттанарлық» деген баға берді.

М.Максым

Басқа жаңалықтар

Back to top button