Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыЕскелді айнасыҚоғам

ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБА ҚАРҚЫНДЫ

2023 жылдың 1 тамызынан бастап «Бақытты отбасы» партиялық жобасы бүкіл Республика көлемінде жыл сайынғы дәстүр бойынша «Баланы мектепке даярлайық!» қайырымдылық акциясы басталды. Бұл акцияның мақсаты – жетім балаларға, ата-ананың қамқорысыз қалған балаларға, сондай-ақ көпбалалы және күнкөрісі төмен отбасыларға нақты әлеуметтік көмек көрсету. Жылдан жылға бұл шараға біздің ауданымыз тікелей қатысады. Жаңа оқу жылына балаларды жалпы күшпен дайындау жақсы дәстүрге айналды. Балалар – біздің болашағымыз. Бүгінде бұл болашақ біздің қолымызда. Әрбалаға таным қабілеттерін, шығармашылық потенциалын дамыту және жан-жақты дамуына мүмкіндік беретін, қамқорлық ортасында тәрбиеленуге қажетті ең жақсы жағдайларды қамтамасыз ету үшін жағдай жасаудамыз. Бүгінде балаларымыздың болашағы бізге бейтарап емес, мүмкіндігінше көмек береалатындар оқужылының басталуына «Баланы мектепке даярлайық!» акциясы аясында қолдау көрсетіп келеді. «AMANAT» партиясының Ескелді аудандық филиалында акцияға алғашқы қатысушылардың бірі болып ауданымыздың мәслихат депутаттары және партия мүшелері белсенді түрде қатысуда. Он адам жүрген жерде із қалады, жүз адам жүрген жер – соқпақ, мың адам жүрген жерде жол қалады демекші, «AMANAT» партиясының Ескелді аудандық филиалы акцияға белсенді түрде атсалысуда.

М. МАКСЫМ

Басқа жаңалықтар

Back to top button