Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыҚаратал хабарыҚоғамӨндіріс және кәсіпкерлік

СЕРВИСТІК ОРТАЛЫҚ СЕРПІНДІ

Бүгінгі таңда ішкі және көшпелі туризмді тиімді дамыту жолында және туристердің еліміз аумағында болғанында кедергісіз қызмет алуына қолайлы жағдай жасау үшін осы салада қызмет көрсететін кәсіп түрлеріне мемлекет тарапынан қолдау күн санап көбеймесе азайған емес. Республикалық, облыстық маңызы бар жолдар бойындағы жайлы, әрі жабдықталған қолжетімді сервистік объектілер елдегі туристік сала қызметі жөнінде қонақтардың  жағымды әсер алуы біз үшін елге келушілер легін тарту кезінде маңызды фактор атқарары сөзсіз. Транзиттік трасса турист алып келеді, ал осы мүмкіндікті пайдалану үшін қолайлы сервис қажет екені айтпаса да белгілі.

Бүгін ағымдағы тамыз айының 23 күні Жетісу облысы Кәсіпкерлер Палатасының Көксу – Қаратал аудандары филиалдарының директоры Фархат Құсайынов Көксу аудандық «Іскер Әйелдер Кеңесінің» төрайымы Утешбаева Салтанат Мұхаметханқызымен бірге арнайы Көксу ауданының орталығы Балпық би кентінен жеке кәсіпкер Шакержанова Жұлдыз Әубәкірқызының республикалық маңызы бар жолдың бойынан ашқан кафесінің салтанатты жиынына қатысты.

Кәсіпкер Жұлдыз Әубәкірқызы:

– Бұл біздің елдегі туристік саланың сервистік қызметіне қоспақ үлесіміз. Өзімде ел арасында сапарларға шығып тұратын болған соң бұл саламен  таныспын. Біздің міндетіміз – автожүргізушілер мен жолаушылардың жол бойында дем алуына мүмкіндік беретін сервисті жасау, – десе, аудандық Іскер Әйелдер Кеңесінің төрайымы Салтанат Мұхаметханқызы:

– Аудандық, облыстық «Іскер Әйелдер Кеңесі» Жұлдыз сияқты өз кәсібін бастаймын деген қыз-келіншектерге әрқашан қолдау көрсетуге дайынбыз Атамекен ҰКП бірге, — деді..

Ал аудандық Кәсіпкерлер Палата басшысы Фархат Құсайынов:

– Әлбетте, жол бойынын міндетті түрде үлкен сарай салудың мәні жоқ, бірақ жол бойындағы қызмет көрсетудің тиімді саласын құру маңызды ел үшін, — деп атап өтті.

М. МАКСЫМ

Басқа жаңалықтар

Back to top button