Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБасты ақпаратҚоғамМәдениет

ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІ ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҚСЫ МҮМКІНДІК

Елімізде Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастау алды. Бүгінде жастарды қолдауға түрлі жобалар бастау алуда, солардың бірі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Президенттік жастар кадр резервін жасақтау туралы құзырлы органдарға тапсырма беруі. Бұл жобаның артықшылығы, ол  білімді, тәжірибелі жастарға мемлекеттік басқару және квазимемлекеттік сектор жүйесіндегі басшылық қызметке қабылдануға мүмкіндік береді. Жоғары әкімшілік және саяси лауазымдар бойынша бос орындар пайда болған кезде президенттік резервте тұрған жастардың кандидатуралары қаралады. Қазіргі таңда резервке жасы 35 тен аспаған, жоғары білімді, еңбек өтілі бес жылдан кем болмайтын Қазақстан азаматтары қабылданады. Сонымен қатар, мұндай жастарға мемлекеттік тілді білу талабы да қойылады. Бұл, әрине, ең маңызды талап деп айтуға негіз бар. Ел болашағын қолына алатын жастардың білімді, тәжірибелі болуымен қатар, ұлтқа қызмет етуде қандай қарым-қабілеті бар екендігі де назарға алынады.

Президенттік кадр резервіне білімді, халқына пайдасы тиетін тың идеяларды жүзеге асыра алады деген, жанып тұрған жігерлі, білімді жастар таңдап алынуда. Атап айтсақ, 2019 және 2021 жылдары резервке алынған 350 адамның 264-і мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарында жұмыс істейді, яғни жалпы санының 75%-ы жұмысқа орналастырылды. Олардың ішінде 128 адам орталық мемлекеттік органдарда, 38 адам жергілікті атқарушы органдарда, 57 адам ұлттық компанияларда, 41 адам адам өзге де ұйымдарда қызмет атқаруда. Сондай-ақ олардың қатарында 31 резервші саяси лауазымдарға,  6 резервші «А» корпусының лауазымдарына тағайындалса, бір резервист Мәжіліс Парламенті және 2 резервист мәслихат депутаты болып қызмет атқаруда, бұл деген өте жақсы көрсеткіш деп ойлаймын. Ел дамуына сүбелі үлес қосатын маңызды жұмыстарға білімді, білікті жастардың араласуы – ұлт болашағына ерекше серпін берері сөзсіз және бұл  жоба еліміздегі білімді, талантты жастар үшін жақсы мүмкіндік болады деп ойлаймын.

Ұлан  Қалжанов,

 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері  агенттігінің

Алматы облысы бойынша департаментінің мемлекеттік

қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы 

Басқа жаңалықтар

Back to top button