Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБасты ақпаратҚоғамСпорт

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ

Жуырда Алматы қаласында тоғызқұмалақтан алғаш рет оқушылар арасында әлем біріншілігі өтті. Бұл бәсекеге Алматы облысының атынан 12 тоғызқұмалақшы қатысып, 3 медаль жеңіп шықты.

Алматыда өткен әлем біріншілігінде 17 мемлекеттен 200-ге жуық спортшылар қатысқан. Ұлттық ойынды ұлықтаған бұл сайыста тоғызқұмалақшылар 4000 жылдық тарихы бар тоғызқұмалақ ойынының рапид және блиц түрлері бойынша бақтарын сынасты. Жалпы, бұл ұлттық ойын ойыншының жылдам ойлауына, есептеудің түрлі тәсілдерін меңгеруіне ықпал етеді және бабаларымыздың осал адамдар болмағанына көз жеткізеді. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған дода өз мәресіне жетіп, нәтижесінде 15 жасқа дейінгі оқушылар арасында шахматтан және үстел ойындарынан Мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқушысы Есентай Арсен ІІ  орынды, Жамбыл ауданы БЖСМ оқушысы Қуатжанқызы Назира ІІІ орынды иеленді. Ал рапид түрінен 17 жасқа дейінгі оқушылар арасында шахматтан және үстел ойындарынан МБЖСМ оқушысы, Іле ауданы, Шаңырақ ауылының тұрғыны Батыр Ернұр Ғаламбайұлы І орынды жеңіп алды. Батыр Ернұр бапкері №30 орта мектептің дене шынықтыру пәнінің ұстазы Қылышбаев Ерболаттың тәлімімен 2014 жылдан бері «тоғызқұмалақ» үйірмесіне қатысып, Республикалық және облыстық жарыстардың бірнеше дүркін чемпионы атанып келеді. Міне, биыл ауданымыздың мақтанышы тоғызқұмалақтан әлем чемпионы атанып отыр. Жеңісің құтты болсын, Ернұр!

Басқа жаңалықтар

Back to top button