Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратКеген келбетіҚоғам

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ АҚПАРАТТЫҚ ШАРА ҚАЛАЙ ӨТТІ?!

25 қыркүйек күні Кеген ауданының орталығы Кеген ауылында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шара өтті. Шараға Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің алдын алу және парасаттылық басқармасының басшысы Садықов Асқар Жұмаханұлы бастаған мобильді топ келіп Кеген ауылында орналасқан орталық базар алдында халыққа түсіндірме жұмысын жүргізді. Түсіндірме жұмыстарын жүргізу барысында Кеген ауданының халыққы да шешуін теппай жүрген біраз мәселені көтерді. Бірінші кезекте 2022 жылы Кеген мен Райымбек ауданының халқы «Көкпек-Кеген-Түп» жолының  53-68 шақырымының орта жөндеу жұмыстарының ұзаққа созылуына байланысты 2 мәрте жолды жауып, наразылық танытқан участігінің сапасына қатысты болды. Шараға Қонаев қаласынан арнайы шақыртумен келген «ҚазАвтоЖол» ҰК Алматы облыстық филиалының директорының орынбасары Қалтаев Жасұлан Келімбетұлыда қатысқан. Өкінішке орай «ҚазАвтоЖол» ҰК өкілі түрғындардың наразылығына тұшымды жауап бере алмады. Бар айтары: «Мен бұл орынға келгеніме ұзақ болмады. Сондықтан мәселенің жай-жапсарын анықтап, бір хабарын беремін». 2021 жылдан бері Кегенге келген ұлттық компания өкілдерінің нақты жауап берген бірінде халық көрмеді. Одан бөлек сол ұлттық компанияға қарасты ДЭУ-91 мекемесінің өздеріне тиісті жолдарға тиісті күтім жүргізбеуіне де қатысты шағым айтылды. Жауатарына қарасақ: бәрі періште.

Жолдан бөлек шарада А-6 трасса «Көкпек-Кеген-Түп» жолының бойында дәретхана мәселесі, ауыл шаруашылық жерлерін уақытша пайдалануға алу үшін өтетін конкурсқа  және азық-түлік бағасының өсуіне қатысты міселер айтылды. Мобильді топтың еріктілері де аудан тұрғындарына қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі түсіндірме жұмысын жүргізу кезінде ел ішінде айтылған мәселелерді өз қойын дәптерлеріне түрте кетті.

Халық айта-айта жалыққан жол мәселесі, аяқ асты шарықтаған ұн бағасы да бүгін-ертең тездете шешілері неғайбыл. Үмітсіз-шайтан ғана. Халық әділдікке әлі де сенеді….

Мақпал Шадан

Басқа жаңалықтар

Back to top button