Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратКеген келбетіҚоғам

ЖОЛДЫҢ ЖЫРЫ БІТЕ МЕ?!

Кеген ауданында негізігі күре жолдың біразы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының балансында.  Былтыр 53-68 шақырым жолдың орташа жөндеу жұмыстары ұзаққа созылғандықтан Кеген мен Райымбек ауданының тұрғындары екі ауданды сыртпен байланыстырып тұрған жолды Қайқы және Маруся асуын жауып, өз наразылықтарын білдірген. Халықтың қарсылығы көбейген соң «ҚазАвтоЖолдың» мен «ҚазАвтоДордың» басшылары 53-68 шақырым аралығында қалған 9,9 шақырым жолдың орташа жөндеуін тез арада аяқтап және «Кеген-Нарынқол» трассасының 0-89 шақырым аралығындағы жолды жамау жұмыстарын тез арада бітіріп береміз деп уәдені үйіп-төккен. 53-68 шақырымның жөндеу жұмыстары аяқталғанымен, жамау жұмыстары сол қалыпта қалды. Бірақ орташа жөндеуден өткен 53-68 шақырымның көктем шыға бірнеше участогінің асфальты негізінен ыдырап, қайта жөндеу керектігі біліне бастады. Ал «Кеген-Нарынқол» трассасының жағдайы тіптен қиындауда. Алайда өткен жылы 3 күнде жолды жамап береміз деген «ҚазАвтоДор» 2023 жылдың 10 айы болса да өз уәделерін орындамады.

Осыдан бірнеше күн бұрын «Кеген-Нарынқол» трассасының Кеген ауданына қарасты Маруся асуындағы участігіндегі жамау жұмыстарының сапасы туралы әлеуметтік желі де бірнеше видео жариаланды. Жолдағы шұңқырға асфальтты құры тастап кетіп кетіп жатқаны анық көрсетілген. Тағы да туындауы мүмкін халықтың наразылығынан қорықты ма, әлде басқа себебі бар ма белгісіз, қазан айның 9 жұлдызында Кеген мен Райымбек ауданына «ҚазАвтоЖолдың» мен «ҚазАвтоДордың» басшылары ат басын бұрыпты.

Қайқы асуында жергілікті белсенділермен кездесіп, баяғы сылдыр әңгімелерін жалғастыруды бастап еді, уәдеге тойған азаматтар нақты сауалдарды жаудырды. Бірақ дәлелмен қойылған сұрақтарға, құжаттарға негізгелден жауап ала алмады.

Қайқы асуынан шығып Райымбек ауданын бетке алған топты аталған ауданның шекарасынан бір топ азаматтар күтіп алды. Олар Райымбек ауданының әкімінің орынбасары, жергілікті қадағалаушы орган, аудандық мәслихаттың хатшысы мен депутатымен бірге бірнеше қарапайым тұрғындар. Бәрінің көкейінде тек бір сұрақ: жол қашан жасалады? «Кеген-Нарынқол» трассасының 0-23 шақырымы Кеген ауданына тиісті участоктардағы жолдың жағдайын көрсете келе, Райымбек ауданынан шыққан делегация жолға жауапты мекеме басшыларын Кеген мен Нарынқолдың арасындағы жолға экстремальды саяхаттатуға алып кетті.

«ҚазАвтоЖолдың» мен «ҚазАвтоДордың» басшылары түстен кейін қайта Кегенге келіп, өздеріне тиісті жолға рейд Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаевпен бірге жүргізді. Кегеннің ішіндегі республикалық трасса бойында тұрған халықта аталған ұйым басшыларына өз реніштерін жеткізген.

–      Осы жолдың нашарлығына байланысты балалар қаладан ауылға қатынауды қойды, — деп налыды ақ жаулықты анамыз

«ҚазАвтоЖол» мен «ҚазАвтоДор» мекемелерінің басшыларының Кеген мен Райымбек ауданына жасалған алғашқы сапары емес. Әр келген сайын сол сарын: «бәрін керемет жасаймыз»- деген. Кей сөздерінде өздері айтқан жағдайға қайшылық болып тұрса да уәдені үйеді, төгеді. Ал халық сол баяғы аңқау қалпында: бәріне сенеді….

 

Мақпал Шадан

Басқа жаңалықтар

Back to top button