ЭЛЕКТРОНДЫ ҚЫЗМЕТ – ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫН ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗІ
Мемлекеттік қызметті электронды үкімет арқылы алудың басты артықшылығы – уақытты қысқартуға және олардың сапасын арттыруға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қауіпін барынша жоюға едәуір мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда техника, технология жетістіктерін шеберлікпен пайдаланудың арқасында мемлекеттік органдар мен үкіметтік ұйымдар осы электронды үкімет жүйесі арқылы ел азаматтарымен тұрақты қарым-қатынас жасаудың тиімді жолдарын тапты. Оның тиімділігі – қажетті ақпаратты жедел береді, мемлекеттік қызмет көрсетуді оңтайлы етеді және шығынның аздығымен әрі ашық, жариялылығымен ерекшеленеді. Үкіметтік ұйымдардың да өзара тығыз байланыста жұмыс істеуіне ықпал ете алады.
Керекті құжаттың электронды нұсқасын пайдалану арқылы қағазбастылық артта қалып, халыққа қызмет көрсету сапасы артып келеді. Бұл – электронды үкіметтің игілігі. Ал электронды құжат экономиканы дамытудың негізгі тетігі екені анық. Үкіметтің бүгінгі ұсынып отырған электронды қызметтерін жұртшылық электронды цифрлық қолтаңба арқылы алады. Қазір елімізде электронды үкіметтің www.egov.kz порталы жұмыс істейді. Аталмыш порталда мемлекеттік органдардың барлық ақпараттарына қол жеткізуге болады. Бүгінде www.egov.kz порталында экономика, білім, мәдениет, еңбек, денсаулық, спорт, туризм және адам өмірінің өзге де салалары бойынша ақпараттық қызмет көрсетіледі.
Порталдағы барлық қызметтерді қолдану үшін азаматтарда алдымен электронды цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы қажет. Электронды цифрлық қолтаңба портал арқылы үйден шықпай-ақ мемлекеттік қызметтерді алу үшін өте қажет. Бұл ыңғайлы әрі қолжетімді.
Мәселен, ЭЦҚ арқылы жылжымайтын мүліктің бар-жоғы туралы, зейнетақы аударымдары, несие тарихы туралы және тағы да басқа құжаттар еш кедергісіз беріледі. Сонымен қатар, кез келген тұрғынның мемлекеттік органдардан анықтамалар алуға, мемлекеттік сатып алуларға қатысуға мүмкіндіктері бар.
«Жалғызағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы А. Жунусова 2023 жылдың 3 тоқсанында www.egov.kz порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мәселелері бойынша халықпен ақпараттық-түсіндіру және әдістемелік оқыту брошюраларын тарату бойынша жұмыс жүргiзді. Сонымен қатар әкімшілік ғимаратында «Электрондық үкімет және электрондық қызметтер» — атты акциясы өткізілді. Осындай оқытулардың нәтижесінде ауыл тұрғындары Жалғызағаш ауылдық округі әкімдігі ғимаратында орналасқан өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы өз беттерінше қажетті электронды құжаттар нұсқасын алуда.
«Жалғызағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі