Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратКеген келбетіҚоғам

МЕКТЕПТЕРДІҢ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАЛАЙ ЖҮРІП ЖАТЫР?!

Биыл Кеген ауылында орналасқан 3 мектептің екеуі күрделі жөндеуден өтіп жатқаны осыған дейін белгілі болған. Олар: «Ө.Жаңабаев атындағы орта мектеп» КММ және К.Нүрпейісов атындағы мектеп-лицейі. Әрине аудан бойынша 3 ауысымда осы уақытқа дейін ешқандай мектеп оқып көрмегендіктен басында біраз қолайсыздықтар туғызғаны рас. Алайда екі бірдей мектептің күрделі жөндеуі аяқталғанда, салқын әрі ескі жабдықтан құтылатын болғандықтан ата-аналар түсіністікпен қарап, оқу барысы жолға қойылды. Екі мектептің қолданысқы беріліу мерзімі де әр түрлі. Сондықтан қос мектептің жұмыс барысын көріп қайту үшін сол жаққа бет алдық.

Алғаш болып К.Нүрпейісов атындағы мектеп-лицейіге бас сұққанбыз, жұмыс барысы қызып тұр екен. Мердігер «СМУ Шығыс» ЖШС-і. Күрделі жөндеудің аяқталу уақыты ағымдағы жылдың желтоқсаны. Мектеп-лицейді күрделі жөндеуден өткізу үшін мемлекеттен  823 318 828.00 теңге бөлінген.

–    Екінші және үшін қабаттағы ішкі қабырғаларды қайта қалап, төбесін гипсокортонмен қаптау жұмыстары біраз қолды ұстады. Әйтпегенде жұмыс бұдан де ерте бітуі мүмкін еді – дейді мердігер компанияның бөлім бастығы Аманбаев Даурен мырза.

К.Нүрпейісов атындағы мектеп-лицейінде жоғарыда айтылғандай жұмыс қызып тұр. Жұмыскерлер саны да едәуір көп. Екінші, үшінші қабаттары 80 пайыздай жұмыстары аяқталған. Кәріз жүйесінің жөнделу барысына да куә болдық. Бұйырса, желтоқсан айында мектеп оқушылары жылы, жарық мектепке кіретіне сеніп, көзіміз жетіп қайттық.

Одан кейінгі бағыт «Ө.Жаңабаев атындағы орта мектеп» КММ болды. Бұл орта мектептің жөндеу жұмыстарына бөлінген сомма — 1 024 886 888.80 теңге. Күрделі жөндеуге жауапты мердігер «СП «NIFT» ЖШС. Орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстарының аяқталу уақыт 2024 жылдың аяғы. Ө.Жаңабаев атындағы мектептегідей қауырт жұмысты байқай алмадық. Мердігердің құрлысқа жауапты бөлім бастығы жқмыс орнында болмағандықтан, орта мектептің жөндеу жұмысымен таныса алмадық. Сыртынан қарап жұмысына көңіліміз толмаса да, 1 жыл уақыты бар деп өзімізді жұбатып қайттық.

Кей жұрттың «неге екі мектепті бірдей бір уақытта күрделі жөндеуге жапты, кезекпен жасаса болмас па еді» деген назында естігенміз. Алайда екі мектептің жобалық-сметалық құжаты да, мемлекеттік сараптама да бір уақытта дайын болған. Бірі салынғаны жарты ғасырдан асса, екіншісіне күрделі жөндеу жеделдету қажет болған. Сондықтан таңдау мүмкіндігі болмағандығын да ескерген жөн. Сондықтан  екі мектептің де ұстаздары мен оқушылары таза, жарық және жылы мектепте оқыса, білімге деген құштарлығы да арту мүмкіншілігі жоғары.

 

Мақпал Шадан

Басқа жаңалықтар

Back to top button