Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратКеген келбетіҚоғам

9 АЙДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР

Кеген аудандық тұрғын үй коммуаналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі:

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы бойынша:

Ауданда 34 елдімекеннің 31-і орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Яғни, қамту деңгейі 91 пайызды құрайды.

Орталықтандырылмаған ауыз су мен

қамтылмаған елді мекендер

— Мыңжылқы – халық саны 55 адам.

— Қызылжар – халық саны 55 адам.

— Мойнақ (Қолтықбастау) – халық саны 105 адам. (ЖСҚ жасалуда 4,2 млн теңге)

— Шырғанақ ауылының ауыз су жүйесінің құрылысын салу жұмыстарына 2022 жылы 350,0 млн теңге, 2023 жылы құрылыс жұмысын аяқтауға 294,1 млн теңге  бөлініп, бүгінгі күні ауылға ауыз су беру жұмыстары жүргізілуде. құрылыс жұмысының 98 пайызы аяқталды. (Жалпы құны 693,3 млн теңге).

— Ақай Нүсіпбеков ауылының ауыз су жүйесінің құрылысын салу және қайта жаңғырту жұмыстарына 2022 жылы 100,0 млн. теңге, 2023 жылы құрылыс жұмысын аяқтауға 575,5 млн. теңге  бөлініп, жөндеу жұмыстары жалғасуда, құрылыс жұмысының 90 пайызы аяқталды.  (Жалпы құны 1052,0 млн теңге).

— Жіңішке ауылының ауыз су жүйесін ағымдағы жөндеу жұмыстарын аяқтауға 16,8 млн. Кеңсу ауылының ауыз су жүйесін ағымдағы жөндеу жұмыстарын аяқтауға 8,8 млн. теңге бөлініп, жұмыстар аяқталды.

— Қарабұлақ ауылының ауыз су жүйесін қайта жаңғырту жұмыстарына 419,0 млн. теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде (ауыл ішкі құбырларының 4,6 шақырымы жасалды).

— Кеген (14,1 млн теңге), Түменбай (6,0 млн теңге), Жаңа Тасашы (5,6 млн. теңге), Шыбышы (9,7 млн. теңге), Мойнақ (4,2 млн. теңге), Жылысай (11,9 млн. теңге)  ауылдарының ауыз су жүйесін қайта жаңғырту жұмыстарына ЖСҚ-сын жасатуға 51,7 млн. теңге қаржы бөлініп, жұмыстары ағымдағы жылдың қараша айының аяғына дейін аяқталады.

— Кеген ауылының ауыз су жүйесін ағымдағы жөндеуден өткізуге – 50 млн. теңге бөлініп, задвижка қоюға жұмыстар басталды.

— Кеген ауылынан кәріз жүйесінің құрылысын салуға ЖСҚ жасатуға 35,2 млн. теңге бөлініп мердігер анықталып, жұмыстар жүргізілуде.

— Саты ауылынан сүзгі алаңын салуға ЖСҚ жасатуға 29,7 млн. теңге  қаржы бөлініп, жұмыстар ұйымдастырылуда.

Сонымен қатар

— Қайыңды (9,8 млн. теңге), Саты (3,2 млн. теңге) көлдеріне және Хан-Тәңірі халықаралық альпинисттер лагеріне (21,5 млн.теңге) электр желілерін тартуға 35 млн. теңгеге ЖСҚ жасалды.

— Кеген ауылындағы көп қабатты 4 тұрғын үйді ағымдағы жөндеуден өткізуге 136,2 млн. теңге;

— Кеген ауданының 26 елдімекендерге көше жарық шамдарын орнатуға 246,4 млн. теңге бөлінген болатын,  бүгінгі күнге 24 ауылға толық орнатылды.

(1. Кеген — 64,6 млн. 2. Жалаңаш — 29,9 млн. 3. А.Нүсіпбеков — 6 млн. 4. Қарқара — 10 млн. 5. Жылысай — 6 млн.  6.Тоғызбұлақ — 8 млн. 7. Бөлексаз — 10,2 млн. 8. Тұйық — 5 млн.  9. Жалаулы — 5 млн, 10.Қарабұлақ — 6 млн. 11. Алғабас — 15 млн. 12. Шыбышы — 3,6 млн. 13. Жайдақбұлақ — 3,5 млн, 14. Ақсай — 6 млн.  15. Талды-2,1 млн. 16. Кіші Қарқара — 5 млн. 17. Күрметі — 2,8 млн. 18. Мойнақ — 1,5 млн. 19. Ақтасты — 10 млн. 20. Жаңа Тасашы — 7 млн. 21. Саты — 9,2 млн. 22. Көкпияз — 3 млн. 23. Ұзынбұлақ — 5 млн. 24. Шырғанақ-7 млн. 25. Түменбай — 5 млн. 26. Ереуіл — 10 млн.);

— Қатты қалдықтарды тастайтын орынды қоршауға (А.Нүсіпбеков, Қарабұлақ,  Қарқара, Ұзынбұлақ, Түменбай) 100,0 млн теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде;

— 10 елдімекенге балалар ойын алаңы мен шағын спорт алаңын салуға (Бөлексаз, Тұйық, Ұзынбұлақ, Жылысай, Алғабас, Күрметі, Кіші Қарқара, Кеген, Ақтасты,Тоғызбұлақ) 147 млн. теңге бөлініп,  орнату жұмыстары жүргізілуде.

— Су тасқыны қаупі бар 6 елдімекендерге су тасқынын алдына алу  мақсатында канал жүйесін салуға ЖСҚ жасатуға 10 млн. теңге қаржы бөлінген.

Жол саласы бойынша:

Аудан аумағында барлығы 775 шақырым  жол бар. Оның ішінде 68 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда болса, 32 пайызы жөндеу жұмыстарын қажет етеді.

Республикалық маңызы бар – 215 км

— жақсы және қанағаттанарлық – 85%,

— жөндеу қажет ететіні – 15%;

Облыстық маңызы бар – 240 км

— жақсы және қанағаттанарлық – 52%,

— жөндеу қажет ететіні – 48%;

Жергілікті маңызы бар – 320 км

— жақсы және қанағаттанарлық – 68%,

— жөндеу қажет ететіні – 32%.

Жол құрылысына және жөндеуге аудандағы ауыл іші көше жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге 1165 млн теңге бөлінді. Оның ішінде

— Алғабас ауылына – 130,0 млн теңге, бөлініп, 98 пайыз жұмысы орындалды.

— Кеген ауылына – 216,0 млн. теңге бөлініп, 98 пайыз жұмысы орындалды.

— Тұйық ауылына – 58,0 млн. теңге бөлініп, 90 пайыз жұмысы орындалды.

—  Бөлексаз ауылына – 130,0 млн. теңге, бөлініп, 98 пайыз жұмысы орындалды.

—  Туменбай ауылына – 18,0 млн. теңге, бөлініп, 98 пайыз жұмысы орындалды.

—  Ұзынбұлақ ауылына  – 363,3 млн. теңгеге конкурс ойнатылуда.

—  Ақтасты ауылына  –  50,0 млн. теңгеге конкурс ойнатылуда.

—  Көкпияз ауылына  –  50,0  млн. теңге бөлініп, 30 пайыз жұмысы орындалды.

— Ереуіл ауылына  –  90,0 млн. теңгеге конкурс ойнатылуда.

— Талды ауылына  – 30,0 млн. теңге бөлініп, 98 пайыз жұмысы орындалды.

— Кіші Қарқара ауылына – 30,0 млн. теңге бөлініп, 98 пайыз жұмысы орындалды.

Кеген ауылдық округі:

Кеген ауылдық округінің әлеуметтік экономикалық паспорты:

«Кеген ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 10 мемлекеттік қызметкер, 5 техникалық қызметкер барлығы 15 адам жұмыс істейді.

Ауылдық округке қарасты 3 елді мекенде 1853 отбасында 9664 адам тұрады.

Салық және бюджет түсімдері бойынша 2023 жылдың қазан айына мәлімет:

2023 жылғы жалпы салық болжамдары – 44 млн. 923 мың теңге болса, қорытындысымен 55 млн. 176 мың  теңге артығымен  орындалып. 122% — ды құрап отыр.

Оның ішінде:

Табыс салығының болжамы  3 млн. 792  мың теңге болса, орындалғаны 19 млн. 380 мың   теңге болып (511% құрады).

Көлік салығы болжамы 32 млн. 684 теңге болса, орындалғаны 32 млн. 776 мың  теңге болып (102% құрады).

Мүлік салығы болжамы 1 млн. 002 мың теңге болса, орындалғаны 1 млн.  243 мың теңге болып   (124 % құрады).

Жер салығы болжамы 629 мың теңге болса, орындалғаны 839 мың  теңге болып (133% құрады).

Заңды тұлға көлік салығының болжамы 195 мың теңге болса,  938 мың теңге болып (481% құрады)

Ауыл шаруашылығы:

Кеген ауданында ауыл шаруашылығы басым сала екендігі белгілі.Біздің ауылдық округте 237 шаруа қожалығы, 8 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінде, тұрғындардың ауласындағы жеке қосалқы шаруашылығындағы малын қосып есептегенде барлығы:

7979-сиыр, оның ішінде 4803 аналық бас,

4640-жылқы, оның ішінде 1700 бие,

30296-қой-ешкі, оның ішінде 13871 аналығы өсірілуде.

Ауылдық округ тұрғындарына малын  бағу үшін Кеген, Түменбай, Темірлік ауылдарының аумағынан жеке сектор үшін  3977 га жерге мемлекеттік акт алынып, белгіленіп берілді.

Ауылдық округ бойынша 1605 га егістік жер игеріліп, 50 га күздік бидай, 550 га арпа, 661 га көпжылдық шөп тұқымы себілді.Шаруа қожалықтары мен ауыл тұрғындары үй іргесіндегі жерлеріне 335 га картоп, 9 га сәбіз.

  • «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы» бойынша «Ерсін» шаруа қожалығы (иесі Аришов Абилжан) 1351 бас «Еділбай» тұқымды қойын лизингке алып келіп, бағуда.
  • Ағымдағы жылы ауылдық округ аумағында ауқымды жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, ауыл тұрғындарының ұсынысы бойынша Кеген ауылы Атыханұлы көшесінде №18, 7, 9, 22, 24 үйлердің шатыры ауыстырылып, сырты темір сайдингпен қапталып, кіреберістеріне (подьезд) толықтай ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілді.
  • Түменбай ауылындағы зират темір шыбықтармен қоршалды
  • Кеген ауылындағы балалар ойын алаңын ауылдық округ мамандары жасаған ақаулық актіге сай, сапалы материалдардан жасалынған ойын жабдықтары орнатылып, алаңға сапалы ковролан төсеніші төселді.
  • Орталық алаңдағы сахнаға жоғары сапалы тостаған тастар (брусчатка) төселініп, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
  • Жастар саябағы мен Райымбек көшесі бойындағы аллеяға 3,8 млн. теңге қаражатқа 57 балқарағай отырғызылып, жасыл желектерді суғару үшін 560 метр су құбыры тартылып, түнгі жарық шамдары кейінгі үлгідегі шамдарға ауыстырылды. Аллея мен жастар саябағы толық ретке келтіріліп, халықтың демалатын орнына айналды.
  • Атаулы әлеуметтік көмек алушылар — 57 отбасы, 329 жанға-31 млн. 629 мың 750 теңге төленді.
  • Жаңа жұмыс орны — жоспар 300, орындалғаны-300
  • Тұрақты жұмыс орны — жоспар — 210, орындалғаны-99
  • Жастар тәжірибесіне — 20 жас маман жіберілді.

Алдағы атқарылатын жұмыстар.

  • Алдағы атқарылатын жұмыстар жайына тоқталсақ, қоқыс төгетін алаңға баратын жолды жөндеу, сол жолға жарық шамдарын орнату және үлкен жұмыс, ол Кеген ауылының Амангелді көшесінің бойындағы рұқсат етілмеген қоқыс төгілген жарды қоршау болып тұр.
  • Елдімекендерді абаттандыру мен көгалдандыру бойынша, Кеген ауылдық округі аумағындағы Атыханұлы көшесінде орналасқан көпқабатты, көппәтерлі №7, №9, №18, №22, №24 үйлердің ауласына 11 (он бір) көше жарық шамдарын орнату, Кеген ауылындағы жаяу жүргіншілер өткелін жарықтандыру, электр қуатына қосылмаған Райымбек көшесі, жаңадан салынған 36 үйдің көше жарық шамдарын қостыру, Кеген ауылы Момышұлы көшесінің бойына 22 бағанға лайтбокс орнату және Райымбек, Әзімжанов көшелерінде орнатылған лайтбокстардың жарамсыздарын ауыстыру жұмыстары, Кеген ауылының шығыс жағына билборд (жарнамалық тақтайша құрылымы) орнату жұмыстарын жасауымыз керек.

Кеген аудандық құрылыс бөлімі:

Кеген аудандық құрлыс бөлімі:

Кеген ауылында 20 тұрғын үй пайдалануға берілді.

Тапсырыс беруші: ауданның «Құрылыс, сәулет және қалақұрылыс  бөлімі» ММ

Жобаның жалпы құны :  464,9 млн.теңге.

Бас мердігер «Құрылысшы ТБС» ЖШС-і.

Бас жобалаушы: «Жетісу сәулет құрылысы» ЖШС  Техникалық қадағалаушы «Мастер металл пласт» ЖШС.

Кеген ауылында салынып жатқан 30 тұрғын үйдің құрылысы:

Кеген ауылында cалынып жатқан 30 тұрғын  үйдің құрылысы

Тапсырыс беруші: ауданның «Құрылыс, сәулет және қалақұрылыс  бөлімі» ММ

Жобаның жалпы құны :  942,8 млн.теңге.

Бас мердігер «Семшоғы-Құрылыс Сервис» ЖШС-і

Бас жобалаушы: «Компания Строитекс» ЖШС

Кеген ауылында салынып жатқан 50 жеке тұрғын үй салу үшін инженерлік желілерін тарту

Кеген ауылында cалынып жатқан 50 тұрғын  үй салу үшін инженерлік желілерін тарту

Тапсырыс беруші: ауданның «Құрылыс ,сәулет және қалақұрылыс  бөлімі» ММ

Жобаның жалпы құны :  737,9 млн.теңге.

Бас мердігер «Универсалстроисервис» ЖШС-і

Бас жобалаушы: «Граждан проект ЗИ» ЖШС

Кеген ауылынан салынып жатқан жастар орталығы ғимаратының құрылысы

Тапсырыс беруші: «Құрылыс,сәулет және қалақұрылыс  бөлімі» ММ

Жобаның жалпы құны:  308,5  млн.теңге.

Бас мердігер «Жаркент Алғыр» ЖШС-і

Бас жобалаушы: «Компания Строитекс» ЖШС

Жалаңаш ауылында салынып жатқан Мәдениет үйінің құрылысы

Жалаңаш ауылында салынып жатқан Мәдениет үйінің құрылысы

Тапсырыс беруші: Алматы облыстық құрылыс басқармасы ММ

Бас мердігер: «Семшоғы-Құрылыс Сервис» ЖШС-і

Бас жобалаушы: «Востокоблпроект» ЖШС

Қарқара ауылында салынып жатқан Мәдениет үйінің құрылысы

Қарқара ауылында салынып жатқан Мәдениет үйінің құрылысы

Тапсырыс беруші: Алматы облыстық құрылыс басқармасы ММ

Бас мердігер: «Семшоғы-Құрылыс Сервис» ЖШС-і

Бас жобалаушы: «Востокоблпроект» ЖШС

Бөлексаз ауылында салынып жатқан Мәдениет үйінің құрылысы

Бөлексаз ауылында салынып жатқан Мәдениет үйінің құрылысы

Тапсырыс беруші: Алматы облыстық құрылыс басқармасы ММ

Бас мердігер: «Семшоғы-Құрылыс Сервис» ЖШС-і

Бас жобалаушы: «Капремпроект» ЖШС.

Мақпал ШАДАН

Басқа жаңалықтар

Back to top button