Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратЕскелді айнасыҚоғам

ПАРТИЯ МІНБЕРІНДЕ

«Аманат» партиясы Ескелді аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Ардагерлерді ардақтайық» тақырыбында Қаратал ауылының тұрғыны Возная Фрида Андреевнаның үйіне барып қамқорлық көрсетіп, қысқы отынын дайындап, үй тіршілігіне көмектесті.

Акцияның мақсаты- жалғызбасты қария, ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне жүйелі көмек көрсету. Ерікті жастармен қарт адамдарға шаруашылық бойынша көмектесу. Үй мен ауланы тазалау, азық-түлік пен дәрі-дәрмегіне көмек беру, ең бастысы — олармен әңгімелесіп, уақыт өткізу.

Акция барысында «Jastar ruhy» жастар қанатының мүшелерімен қарияның үй шаруаларына көмектесіп, әңгімелесіп хәл-ауқатын сұрап қайтты.

Жақсылыққа жаны құмар, жомарт жастардың көмегіне риза болған Фрида Андреевна, жастарға алғысын айтып, ақ батасын берді. Елімізде қарт адамдарға деген ықылас жыл сайын артып, мемлекет тарапынан оларға көрсетілетін көмектің көлемі де ұлғайып келеді.

Ардагерлер мен қарттар алдындағы парызымызды білеміз. Бұл парыз – оларға қамқорлық көрсету, оларды қолдау арқылы өтеледі. Ұрпақтар сабақтастығы жарасымымен сақталса елдің берекесі де, мерекесі де таусылмасы анық. Бейбіт заманның қадірін білетін қадірлілеріміздің ақылы – дария, өмірі – өнеге.

* * *

«AMANAT» партиясы Ескелді аудандық филиалында «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында аудан тұрғындарына заң аясында көмек көрсетілді. Партиядан көмек сұрап келген аудан тұрғындары заңнама аясында құқықтық көмек көрсетілді.

* * *

«Бақтыбай» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» атты акциясы өтті.

Балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу, көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрысына байланысты дағдыларын нығайту мақсатында «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.

Шараның басты мақсаты – мектеп жасындағы жасөспірімдердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алып, оқушыларға жол жүру ережелерін таныстырып, жол жүру қауіпсіздігін сақтауға дағдыландыру, сондай-ақ балалардың жарақат алуы мәселелеріне ата-аналардың назарын аудару.

* * *

Ескелді ауданы Ешкіөлмес, Абай, Кирзавод ауылдарындағы   нөсер жауынның  салдарынан зардап шеккен 83 отбасыға  мемлекет тарапынан  көмек көрсетіліп, 22 отбасыға жаңа үй берілді.

Сонымен қатар, «AMANAT» партиясының «Халыққа көмек» қайырымдылық акциясы аясында көмекке мұқтаж отбасыларына қажетті құрал-жабдықтармен, одан да басқа тұрмысқа қажетті заттармен қамтамасыз ету мақсатында көмек көрсетілді.

Айта кетейік, төтенше жағдай уақытында зардап шеккен тұрғындарға «AMANAT» партиясының депутаттары Қанат Сатанов, Жанат Оспанов, Александр Хильниченко, Серік Чукенов және «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері көмек көрсетіп, арнайы құрылған штабпен жұмыс атқарған болатын.

 

М. МАКСЫМ

Басқа жаңалықтар

Back to top button